ҰЛЫ ДАЛА МҰРАГЕРЛЕРІ

2017 жылдың 18-ші ақпанында «Астана» концерт залында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әлеуметтік жобалары мен тәжірибесі аясындағы «Ұлы дала мұрагерлері» атты шығармашылық есебі өтті.

Барлық ұйымдастырушылар мен қатысушылармызға мың алғыс! Керемет кеш, оқушыларымызға деген шынайы мақтаныш сезімге тола көңіл күйде оралып қайттық. Біздің қуанышымызға ортақ болған құрметті қонақтарымызға ерекше ықыласымызды білдіреміз! 

Бағдарлама аясында Астана қаласының мұғалімдеріне «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын сіңіруге арналған «Зияткерлік мектеп оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында тәжірибе трансляциялау семинары, ғылыми жобалар көрмесі, «Туған елге тағзым», «Жүз күйдің тарихы», «Екі апта ауылда», «Қазақтың 100 әні», «100 кітап» жобалары театрланған қойылымда өз көрінісін тапты. 

Ал ғылыми жобалар көрмесінде Зияткерлік мектептің ең креативті жобалары көрсетілген болатын. Сонымен қатар, «Қолөнершілер көшесі» атты қайырылымдық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл жерде қонақтарға арнап, оқушылары бірнеше шебер сыныптарын ұйымдастырып, Зияткерлік мектептерде жүзеге асырылатын шығармашылық жұмыстарының түрлері (қыш-құмыра шеберлігі, киіз илеу, ши дайындау, инемен кілем тоқу өнері, кесте тігу, ұлттық қуыршақтар дайындау) ұсынылды.