Жиі қойылатын сұрақтар

1. Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қандай білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда?
Мектеп Халықаралық білім бакалавриатының білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын, оқушылардың нақты оқу мақсаттарына жетуіне бағытталған, белгілі бір білім көлемін қалыптастыруға, оларды оқу және өмірлік мәселелерді шешуде қолдану үшін кең ауқымды пәндік дағдылар мен машықтықтарды дамытуға бағытталған. https://www.ibo.org/about-the-ib/
 
2. Мектеп өмірін ұйымдастырудың ерекшеліктері?
Мектептегі білім беру процесі “толық күн” негізінде жүзеге асырылады Сонымен қатар, семестірлік оқу жүреді.  1-ші семестрдің ұзақтығы қыркүйектен желтоқсан айына және 2-ші семестр қаңтардан маусым айына дейін. Оқушылар үшін орта семестрлік және семестр аралық демалыс беріледі. Сабақтың ұзақтығы - 60 минут құрайды.  
  
3. Бағалау жүйесі қалай ұйымдастырылған?
Бағалаудың негізгі мақсаты - оқушының оқу үдерісін жақсарту және қолдау болып табылады. Критериалдық бағалау оқу жетістіктерін пәннің міндеттеріне және мазмұнына негізделген критерийлерге сәйкес анықтайды. Әрбір критерий бойынша жетістік деңгейінің сипаттамасы оқушының қандай жетістікке жеткені және жақсарту үшін не қажет екендігі туралы ақпарат береді. Критериалды бағалау жүйесі формативтік, констативтік, ішкі және сыртқы бағалауды қамтиды.
7 балдық бағалау жүйесі - бұл Халықаралық Бакалавриат талап ететін, оған сәйкес студенттің жетістік деңгейі анықталып, 5 балдық шкалаға ауыстырылатын бағалау жүйесі.
Формативтік бағалау (ағымдағы) - студенттерді констативтік бағалауға дайындау үшін күнделікті жұмыс барысында білім алушының білімі мен дағдыларының ағымдағы деңгейі туралы кері байланыс беретін оқуды бағалау. Негізгі мектепте (MYP) ол түзету функциясын атқармайды және семестр мен жылдың бағаларын тағайындау кезінде ескерілмейді. Жоғарғы мектепте ((DP) түзету функциясы бар және ол оқу бағдарламалары мен бөлім жоспарларына сәйкес оқушының қазіргі жетістігін бағалайды.
Констативтік бағалау (қорытынды) - бұл оқушылардың дамыған білімі мен дағдыларының деңгейін анықтау үшін мұғалімдер жүргізетін бағалау.
Ішкі бағалау - зияткерлік мектеп мұғалімдері жүзеге асыратын ХБ белгілеген критерийлер бойынша оқушылардың білім жетістіктерін бағалау.
Сыртқы бағалау - бұл ХБ әзірлейтін және реттейтін DP бағдарламасы аяғында оқушыылардың жұмысын бағалау процедурасы.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу үдерісін басқару үшін Out of 7 жүйесін қолданады. 
 
4. Дипломдық бағдарлама дегеніміз не?
Оқу бағдарламасы алты пәндік топтан, сондай-ақ үш негізгі компоненттен тұрады: «Кеңейтілген эссе» (EE); және Таным теориясы (TOK), «Шығармашылық, әрекет және қоғамға қызмет ету»(CAS).
Дипломдық бағдарламаның барлық студенттері үшін Кеңейтілген Эссе Жазу міндетті болып табылады. Бұл жоғары деңгейлі ұйымдастырушылық және зерттеушілік дағдыларды қажет ететін, таңдалған пән бойынша ағылшын тілінде 4000 сөзден аспайтын ғылыми жұмыс.
Таным теориясы - әр түрлі ақпаратты сыни тұрғыдан ойлау және талдау дағдыларын дамытатын пәнаралық сабақ.
Шығармашылық, әрекет, қоғамға қызмет ету - Creativity, Action, Service (CAS). «Шығармашылық» бағдарламасы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған. Жобаға қатысу оқушыларға зейінділік, айналадағыларға қамқор болу, топта жұмыс істей білу сияқты маңызды қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді. CAS оқушылардың бойында мектеп қабырғасынан тыс өмір туралы хабардар болу, бағалау және белсенді қатысу қабілеттерін тәрбиелейді.
Оқушылар ұсынылған алты пәндік топтың ішінен алты пәнді таңдайды. Әдетте үш пән жоғары деңгейде, үш пән стандартты деңгейде оқытылады.
2013 жылдың сәуір айында, мектеп Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасын рұқсатын алды және қыркүйек айында Қазақстан мен әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсу үшін 16-18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушыларын дайындау үшін әмбебап курс болып табылатын, осы бағдарлама аясында оқытуы басталды.
Дипломдық бағдарлама көптеген танымал университеттермен мойындалды.
 
5. Жоғарғы мектепте қандай пәндер оқылады (ДБ)?
Дипломдық бағдарлама бойынша оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі және мектеп келесі пәндерді ұсынады:
Топ 1. Тіл А: Қазақ (SL), Орыс (SL и HL) және Ағылшын (SL).
Топ 2. Тіл B: Ағылшын (HL).
Топ 3. Қазіргі Қазақстан тарихы (SL) мемлекеттік тілде, Дүние жүзі тарихы (SL және HL), ЖҚАТ (Жаһандық қауымдастықтағы ақпараттық технологиялар) (SL және HL), Экономика (SL және HL), Антропология (SL және HL), География (SL және HL).
Топ 4: Физика (SL және HL), Биология (SL және HL) және Химия (SL және HL), Информатика (SL және HL).
Топ 5: Математика: Талдау және Әдістер (SL және HL) және Математика: Қолдану және Интерпритация (SL және HL).                                     
Группа 6:  Өнер (SL және HL), Фильм (SL және HL).
Толық ақпаратты алу үшін, Сізді келесі сілттемеден өтуінізді сұраймыз: https://ibo.org/programmes/middle-years-programme/curriculum/ 
 
6. 7-10 сынып аралығында қандай пәндер оқытылады?
Негізгі мектеп бағдарламасы оқушыларды олардың табиғаттағы және әлеуметтік кеңістіктегі рөлі туралы хабардар болуға бағыттауға арналған. Бағдарлама Дипломдық бағдарлама бойынша оқуға дайындықты қамтамасыз етеді. Мектеп негізгі мектеп бағдарламасында келесі пәндер бойынша оқытуды жүзеге асырады:
Топ 1. Тіл А: Қазақ, Орыс және Ағылшын.
Топ 2. Тіл Б: Қазақ, Орыс және Ағылшын.
Топ 3. Гуманитарлық ғылымдар: мемлекеттік тілде - Қоғамдық ғылымдар негіздері (7-8 сыныптары), Қазақстан тарихы (9-10 сыныптары), География (9-10 сыныптары);  ағылшын тілінде - Social studies (7-8 сыныптары), Дүние жүзі тарихы (9-10 сыныптары), Экономика (9-10 сыныптары).
Топ 4. Ғылым: Кіріктірілген ғылымдар, Биология, Физика және Химия.
Топ 5. Математика. 
Топ 6. Өнер: Бейнелеу өнері және Драма.
Топ 7. Дизайн.
Топ 8. Дене шынықтыру мемлекеттік тілде.
Толық ақпаратты алу үшін ХБ электрондық сайтына өтіңіз: https://ibo.org/programmes/middle-years-programme/curriculum/
 
7. ХБ бағдарламаларының ерекшелігі неде?
3 жастан 19 жасқа дейінгі балаларға үздіксіз білім беруді ұсынатын бірнеше халықаралық деңгейде танылған білім беру бағдарламаларының бірі. 35 жылдан астам уақыттан бері бұл жоғары сапалы білім беру беделіне ие. ХБ бағдарламаларының негізгі тұжырымдамаларының бірі - ұлттық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастыру арқылы оқушылардың халықаралық сана-сезімін дамыту. ХБ-тағы білім беру үдерісі оқу үдерісіне оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған. ХБ оқушылары қиын сұрақтар қоюды, сыни тұрғыдан ойлауды, зерттеушілік қабілеттерін дамытуды және қоғамдық жұмыстарға үйренеді.
 
8. Екінші тіл ретінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқуы және оқытуы қалай жүзеге асырылады?
Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын іске асыратын Нұр-Сұлтан қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуды жүзеге асырады. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, оны меңгеру мектеп қауымдастығының әрбір мүшесінің міндеті, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі әлемдік қоғамдастыққа ену үшін маңызды. Екінші тілдерді оқыту тілдік фазаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тілдік фазалар - бұл тілді оқыту кезеңдері.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Нұр-Сұлтан қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының Тіл саясатында егжей-тегжейлі таныса аласыз.*
 
9. Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектеріне қандай білім туралы құжаттар беріледі?
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін (10-сынып) оқушылар негізгі мектепті бітіру туралы куәлік алады.
Соңғы оқу жылында Жоғарғы мектеп оқушылары Халықаралық бакалавриаттың сыртқы бағалауына қатысады. Халықаралық бакалавриаттың сырттай бағалауының нәтижелері бойынша студенттер Халықаралық дипломдармен немесе сертификаттармен марапатталады. Дипломның жоғары нәтижелері болған жағдайда оқушылар ұлттық немесе шетелдік жоғары оқу орындарына қосымша емтихандарсыз түсуге мүмкіндік алады. 
Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының оқу жетістіктерін Критериалық бағалау ережелеріне сәйкес оқушыларға жоғарғы мектепті бітіру туралы куәліктер беріледі.
Халықаралық бакалавриаттың сырттай бағалау нәтижелері ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатына көшіріледі. 
Құрметті достар, мектептің www.nisa.edu.kz веб-сайтында «Біз туралы», «Біздің команда», «Біздің ережелер», «Мектеп өмірі», «Кәсіптік бағдар беру» және «БАҚ» бөлімдерінде толық ақпарат берілген.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне қош келдіңіздер!