Оқушылардын мектеп өмірі

Мектебімізде 5 жыл оқығаннан кейін, біздің топ оқушылар мен мұғалімдер арасында аниме, к-поп және қытай мәдениетіне деген қызығушылығы біртіндеп өсіп бара жатқанын байқадық. Сондықтан, біздің CAS жобамыздың арасында, біз - “НИША Аниме Клубы” мүшелері “7SPIRIT” к-поп тобымен және жапон мәдениеті тобымен бірігп 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Шығыс Азия мәдениеттеріне өскен қызығушылықты қандырғымыз келді. Ұзақ уақыт бойы дайындалғаннан кейін біз мектебіміздін тарихында алғаш рет “Шығыс Азия Мәдениттерінін Фестивалін” өткіздік.

Continue Reading

Үш Зияткерлік мектепке CIS аккредитациядан өткендігі туралы сертификаттар тапсырылды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының  2017 жылғы тамыз конференциясы CIS сертификаттарын салтанатты түрде тапсырудан басталды. Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) жолдаған аккредитациядан өту туралы сертификатты Семей, Өскемен және Көкшетау қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептері алды.

Семей қаласы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепті аккредитациялау туралы сертификатты Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсудың қолынан мектеп директоры Бағдан Қайыржанов, ата-аналар комитетінің өкілі Гүлнар Қаиркенова және оқушылар комитетінің төрағасы Сағынғали Ахметқали алды. Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепті аккредитациялау туралы сертификатты мектеп директоры Зульфия Уразбекова, ата-аналар комитетінің төрағасы Гүлжауар Қабденова мен оқушылар комитетінің төрағасы Абай Қалымтайға Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Шолпан Каринова тапсырды.  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы зияткерлік мектеп директоры Кульфарида Раисованы, ата-аналар комитетінің өкілі Еркін Қасымовты және оқушылар комитетінің төрағасы Жансая Оралбековті маңызды жетістіктерімен құттықтады.

Зияткерлік мектептердің жаңа статусы педагогикалық ұжым мен оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

CIS – білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен жоғарғы стандарттарды одан әрі ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ең танымал ұйым. Қазіргі уақытта белді клубқа көптеген мемлекеттердің флагмандық мектептері мен оқу кешендері мүше. Сонымен қатар, ұйым әлемнің үздік 50 университетімен ынтымақтастық орнатқан, яғни бұл университеттер аккредиттелген мектеп түлектерін оқытуға мүдделі.

Аккредитациядан өту процедурасы ұзақ және жан-жақты жұмыс жүргізуді қажет етеді және ол мектепте тікелей инспекция жүргізілгеннен кейін аяқталады. Англия, Германия, Ресей, Әзірбайжан, Иордания, АҚШ және т.б. мемлекеттердің өкілдерінен құралған CIS-тің беделді тобы көктемде Семей,  Өскемен және Көкшетау қалаларында жұмыс жасап, мектептердің мендежментін, мұғалімдердің кәсіби оқыту машығын, оқыту процесін ұйымдастыру мен жалпы мектеп өмірін саралап, бағалаудан өткізді. Біздің мектептердің «Өмірлік құндылықтар», «Оқыту және үйрету», «Басқару және көшбасшылық», «Кәсіби құрам және техникалық қызметкерлер», «Қолжетімді оқыту мен білім», «Операциялық жүйелер», сондай-ақ шет тілдерін меңгеру бойынша барлық әлемдік стандарттар талабына сәйкес келетіндігі анықталды.

Қазіргі таңда бес Назарбаев Зияткерлік мектептері аккредитациядан өтті. Жоспар бойынша алдағы оқу жылында тағы сегіз мектеп, ал 2019 жылы барлық мектеп халықаралық аккредитациядан өтетін болады.

Қазақстандық мектептердің әлемдік деңгейдегі таңдаулы білім беру ұйымына мүше болуы барлық отандық білім беру жүйесі үшін айтулы оқиға болды. 

2017-2018 оқу жылдарына жатақханаға орналасу іріктеуінің 1-турынан өткен оқушылар тізімі

2017-2018 оқу жылдарына жатақханаға орналасу іріктеуінің 1-турынан өткен оқушылар тізімі:


  • Cулейменова Жанайым
  • Абдрахманов Айтуар Қанатұлы
  • Абылай Дінмұамбет Абылайұлы
  • Адине Данияр Маратұлы
  • Аманжол Жарқын Қуандықұлы
  • Аманкелдиұлы Ғабдулла
  • Аманкелді Аружан Мұратқызы
  • Ахметова Жазира Аскарбековна
  • Байғазы Райлан Ермекұлы
  • Баймулдинова Амина Адийевна
  • Бегасилова Жулдыз Шыңғысқызы
  • Бекқали Айдана Досымқызы
  • Берекетов Қанат Қайратұлы
  • Буланова Мадина Бекжановна
  • Дайрабаев Даниал Нурманович
  • Даулетхожанова Айдана Адлетовна
  • Дәуітбек Құралай
  • Дәулетжанқызы Ақбота
  • Джолмашева Бахтыжан Аргынқызы
  • Дуйсек Аманжан  Есенұлы
  • Дюсенов Арлан Аскарович
  • Елшібек Тамирис Елшібекқызы
  • Ергали Данияр Тореханұлы
  • Ергали Олжас Тореханулы
  • Есенбек Салтанат Махсатқызы
  • Ескермесова Айымжан Әлібекқызы
  • Әбдірахман Айдар Мерекеұлы
  • Жанузакова Данира Рушановна
  • Жәнібекұлы Жақсыбек
  • Жолдыбаева Томирис Рахметжанқызы
  • Жүніс Ербол Мақсатұлы
  • Исмагамбетова Аяна Нурланқызы
  • Калибаев Абзал Бауыржанович
  • Кабашев Жаксылык Темирбекұлы
  • Кабдигалиева Жанель Ербулатовна
  • Кабиев Райымбек Нурманулы
  • Канкожаева Жазира Рустемовна
  • Караулов Алдияр Канатұлы
  • Каримова Тамила Жанибекқызы
  • Касымханова Талжан Муратовна
  • Келимбетова Диана Нурлановна
  • Кеңес Айғаным Айдарқызы
  • Қайрат Алтай Мұхтарұлы
  • Қайриден Алида Ғұмарқызы
  • Қайсар Рамазан Серікұлы
  • Қапсаланова Әмина Қарсыбайқызы
  • Қарталова Перизат Сағнайқызы
  • Қуаныш Інкәр Еркебуланқызы
  • Макулбекова Амина Адилжановна
  • Маратқызы Әдина
  • Меллат Дармен Меллатұлы
  • Мизам Дарина Кыдырбаевна
  • Миңкебай Данагүл Мейрамқызы
  • Мұнайтпас Арайлым Дауренқызы
  • Мұратұлы Данияр
  • Мұхаммед-Рахым Әлина Ерұланқызы
  • Мырзабекқызы Гаухар
  • Нурпеисова Асель Ерлановна
  • Ныгыметова Мадина Нурболқызы
  • Оримбасар Нұрдәулет Нұрғалиұлы
  • Ошанова Анель Жақыпжановна
  • Рамазанова Зарина Беркутовна
  • Сабитов Нурас Арсенулы
  • Сағыныш Жансұлу Жұмабекқызы
  • Сайпова Карина Абдрашитова
  • Сакенқызы Нұрдана
  • Серікбаев Тамирлан Әмірұлы
  • Смаилова Томирис Канатқызы
  • Сүлеймен Темірлан Алмасұлы
  • Сыпабек Аружан Ермекқызы
  • Тасбулатова Айдана Муратовна
  • Темірғалиева Аружан Талғатбекқызы
  • Тойболған Айсұлтан Аңсағанұлы
  • Токкожанова Асель Маратовна
  • Турсымат Өміржан Рахымжанұлы
  • Турсынбай Жанаия Бахытбекқызы
  • Тұрсынбек Дәурен Аманжолұлы
  • Хан Александра Александровна
  • Хегай Елена Дмитриевна
  • Шалабаева Инара Меремжановна

 

Отказ:

  • Қатбек Арсен Ерланұлы
  • Жанай Малика Алматқызы
  • Байкенова Томирис Алданышевна
  • Биахмет Әмина Ерланқызы
  • Джалдыгараева Ажар Орынбасарқызы
  • Мерген Гүлзи Елтайқызы
  • Рамазанова Сана Еркиновна

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тамыз кеңесі өтуде

15-16 тамыз аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тамыз кеңесі өтуде. Аталмыш жиынның тақырыбы «Педагогке ресурстық қолдау көрсету» деп аталады. Тамыз кеңесіне 340-қа жуық мектеп мұғалімдері қатысуда. 

Мемлекеттің 2016-2020 жылдарға бекітілген білім беруді дамыту кестесіне сәйкес жаңа оқу жылы қарсаңында орта сыныптарға арналған жаңа оқу жүйесі енгізілетін болады. Аталмыш өзгерістер еліміздің барлық мектептерінде 1,2,5,7-сыныптар арасында орын алмақ. Осы себепті, жиында талқыланып жатқан басты мәселе – 2,5,7 сыныптардағы жаңартылған оқу жүйесінің ерекшелігі.

Жиын барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқытушылары мен қызметкерлері жаңартылған оқу бағдарламасы, критериалды бағалау жүйесі, бастауыш сыныптарға сабақ беру ерекшеліктері жайлы шеберлік сабақтарын өткізуде. 

Байтуков Арсен Қастайұлы: Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры:

— Бүгінгі күнде мектептерде әділ бағалаудың өзектілігі және қажеттілігі бүкіл педагогикалық қоғам сезінеді. Критериалды бағалау жүйесінде оқыту мен бағалаудың арасындағы өзара байланысты жүзеге асыратын механизмдер салынған. Бағалау оқу бағдарламаларына сәйкестікті қамтамасыздыратын және оқу үдерісін қолдайтындай құрылған. Қалыптастырушы бағалау – бұл күнделікті жұмыс барысындағы бағалау. Баға оқушыларға сандық белгі ретінде емес, оқушылардың жұмысына ұсыныстар ретінде беріледі. Яғни, не жақсы істелді, қай жерде қате жіберілді, оны қалай түзету керектігі айтылады. Мұғалімнің ұсыныстары оқу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Оқушының оқуға және бағалауға деген көзқарасын жақсартады. Жиындық бағалау – оқу бағдарламасына сәйкес білімдерді оқудан кейін, сонымен қатар, белгілі бір оқу кезеңі аяқталғанда жүргізіледі. Баға оқушылардың жетістіктеріне, яғни, тапсырмаларды орындаудағы әрбір қадамдарын бекіту арқылы қалыптастырады. Сондықтан оқушылардың өз бетімен оқудан тыс іс-әрекетіне және оқу бағдарламасын тереңірек игеруге ынталандырады. 

Сонымен қатар, ата-ана мен ұстаз арасындағы байланысты жылдамдатуға арналған жаңартылған оқу жүйесін ұстаздар кеңінен талқылады. 

Мықшаева Баян Советқызы, Астана қаласы №35 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

— Жаңартылған білім беру жүйесіне қатысты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері өткізген шеберлік сағаты көңілімнен шықты. Бұл жүйеде жұмыс тәжірибесі бар ұстаздар болғандықтан өзімізге көп жаңа мағлұматтар алдық деп есептеймін. Жаңа оқу жүйесі балаға алдымен еркіндік береді. Мұндай жүйемен оқыған бала кең түрде ойлайды. Екі-үш жылдың ішінде бұл жүйе толығымен еніп, өз жемісін бере бастайтынына сенімім мол. 

Бір аптадан кейін, яғни республикалық тамыз конференциясы отырысында Зияткерлік мектептердің үлкен көрмесі өтеді. Онда еліміздің мұғалімдерін методологиялық қолдауға арналған методикалық база мен оқу материалдары ұсынылады. «Жүйелі-методикалық кешенді» көрсету жоспарлануда.