Туған Елге Тағзым

8, 9 сыныптың 12 оқушысы 15.06 - 24.06.2018 жылы Талдықорған қаласындағы

НЗМ мектебінде «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы оқушыларға

Жетісу өңірі бойынша пәндерден өткен тақырыптардың теориялық білімдерін практика

жүзінде көріп білуге, зерттеуге мүмкіндік берді. Экспедиция кезінде оқушылар өзін-өзі

басқаруды, өз елінің тарихтарының бай, әлі күнге сақталып қалған тарихи-географиялық

ескерткіштердің маңыздылығын түсінді, оқушылар өздерінің көшбасшылық және

шығармашылық қабілеттерін аша білді, тарихи маңызы бар орындардың тарих үшін,

болашақ ұрпақ үшін ата-бабадан қалған мирас, мұра екендіктеріне, сол мұраны сақтап

қалып келесі ұрпаққа жеткізетіндіктеріне көздері жетті. «Черкасай шатқалы», «Шарын

шатқалы», «Көлсай көлдері» Жетісу өңірінде табиғаты әсем, тамаша жерлерде туризмді

дамытуға болатындықтан көріп көптеген әлеуетіміздің барына көздері жетті, «Кайнар»

аккумулятор зауытына барып ірі өндіріс орнынының Қазақстан экономикасына тигізіп

жатқан пайдасы мен халыққа қаншама жұмыс орындарын беріп отыр. Оқушылардың ең

көп қызығушылық танытқан өнеркәсібі осы өнеркәсіп болды, себебі өнеркәсіп

қызметкерлері жеңіл, ауыр жүк машиналарына арналған аккумуллятордың басынан

аяғына дейін жасалу процесін көрсетті. Шатқалдарды аралап, жүру барысында

оқушылардың әртүрлі қиындықтарға, физикалық тұрғыдан дайындықтың бар екендігі

қуантты. Жергілікті музейлер, архив, Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтын емел»

мемориалды мұражайында ел азаматтарының орасан зор еңбектерін көрдік, мақтаныш

сезімі туды.