Академиялық адалдық бойынша ережелер

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ басқармасының 2015 ж. 11.02

№5 хаттамасының шешімімен бекітілген

 

 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушылардың Академиялық адалдықты сақтау ережелері

 

Кіріспе

 1.Жалпы ережелер

 

  1. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушылардың Академиялық адалдықты сақтау ережелері (ары қарай- Ереже) «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Жоғарғы Қамқорлық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі №2 хаттамасымен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Жарғысымен, негізгі әрекеті білім беру болып табылатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (ары қарай - ДББҰ ) филиалдары туралы Ережемен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ басқа да нормативтік актілерімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес жасалған және оқыту процесінде Академиялық адалдықтыңпринциптерін, оқушылар қоғамдастығы мүшелерінің міндеттерін белгілейді (анықтайды), Академиялық адалдықты бұзу түрлері мен Ереженібұзған жайдайда шара қолдану тәртібінанықтайды.
  2. Осы ереженің мақсаты - оқушылардың адалдық туралы түсініктерін, ашық,шыншыл, сенімді қарым-қатынастар орнатуда, сол сияқты өмірде адалдықты дамыту сұрақтарындағы жауапкершіліктерін қалыптастыру. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Академиялық адалдық оқыту процесіндегі негізгі (басқы) құндылықтардың бірі болып табылады.
  3. Ережелерде келесі түсініктер қолданылады:

1)      Академиялық адалдық – оқыту процесінде оқушылардың  білім алудағы жеке адалдығы мен жауапкершілігін дамытатын тәртіп принциптерінің жиынтығы;

2) бағаланатын жұмыстар:

- оқыту барысында оқушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы  оқу жетістіктерін анықтау мақсатындағы қалыптастырушы, ағымдағы бағалауда орындайтын жұмысы мен тапсырмасы ( ауызша сұрау, жазбаша жұмыс,эссе, дала жұмысы, лабораториялық ,тәжірибелік жұмыстар, өздік жұмыс, зерттеу жұмысы,жоба және т.б.)

- бұл жұмыс, оқушының оқудағы белгілі бір кезеңдегі жетістік деңгейін анықтау үшін (тоқсан, семестр, жартыжылдық, жылдық) жиынтық, қорытынды бағалауда орындайтын жұмысы мен тапсырмасы (бақылау, жазба жұмысы, тесттер, сынақ, зерттеу жұмысы, жоба және т.б.);

3)      бағаланбайтын жұмыстар – педагогикалық қызметкерлер мен оған теңестірілген тұлғалардың бағалауына жатпайтын оқушылардың оқу, шығармашылық мақсаттағы орындаған жұмысы (мақала, жобалау жұмыстары, тұсаукесерлер, бейне және аудиоматериалдар, қол еңбегінің өнімдері және т.б.).

  1. Зияткерлік мектептердің әкімшілігі, кураторлары оқушылар мен олардың заңды тұлғаларын осы Ережемен мына жағдайларда таныстыруға міндетті:

1) конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қол қою арқылы қабылдау;

2) Зияткерлік мектепке қабылдану туралы өтінішті бергенде қол қою арқылы қабылдау;

3) куратор сағаттары, мектеп және ата-ана жиналыстарында.

  1. Осы Ережені мектеп қауымдастығының барлық мүшелері – әкімшілік, педагогикалық қызметкерлер, оқушылар, олардың басқа да заңды өкілдері және Зияткерлік мектептердің басқа да  қызметкерлері   орындауға міндетті.
  2. Осы Ереже жалпылай танысу үшін Зияткерлік мектептердің көрнекті жерлерінде ілінеді, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының интернет-ресурстары мен Зияткерлік мектептердің сайтында жарияланады.

 

  1. 2.     Академиялық адалдықтың принциптері

 

  1. Өзінің оқуына жауапкершілік және жеке адалдығын дамыту оқушылардың академиялық адалдығының негізгі принциптері болып табылады:

1)      адал ниеттілік – оқушылардың бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды әділ, дұрыс орындауы;

2)      автор құқығын және оның басқа адамның қолдануын жүзеге асыру – бағаланатын жұмыстарда ақпарат көзін көрсетуі, басқаның ойын, сөзін дұрыс беруі, авторлық құқықтың нысаны болып табылады.

3) ашықтық – өзара сенімділік, оқушылар мен педагогикалық қызметкерлер мен оған теңестірілген тұлғалардың арасындағы идеялар мен ақпарат алмасудың анықтығы;

4) оқушылардың бостандығы мен құқықтарын қорғау –         оқушылардың пікірі мен идеяларын еркін білдіру құқығы;

5)      теңдік- әрбір оқушы осы Ережені сақтауға міндетті және бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады

 

3. Мектеп  қоғамдастығы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

 

  1. Оқушылардың құқығы бар:

1)      осы Ереженің мазмұнымен танысуға;

2)      оқыту үрдісінде өз пікірін,ойларын,ұстанымын білдіруге;

3)      осы ережені бұзу туралы деректі теріске шығаруда барлық қажетті дәлелдер мен айғақтарды келтіруге.

  1.  Оқушылар:

1)       осы Ереженің мазмұнымен танысуға және  Ережені бұзғаны үшін  тартылатын жауапкершіліктерді білуге;

2)      бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды орындауда академиялық адалдықты мүлтіксіз ұстануға;

3)      басқа біреудің сөзін немесе ойын беруде шығарманың авторын, атауын және кітап бетін көрсетуге;

4)      бағаланатын жұмыстың соңында қолданылған әдебиет тізімін көрсетуге;

5)      сенімді және анық ақпарат көздерін пайдалануға;

6)      өзінің орындаған жұмысын басқа оқушыларға бермеуге міндетті.

  1. Ата-аналар не басқа заңды өкілдер:

1) осы Ереженің мазмұнымен танысуға және Ережені бұзғаны үшін тартылатын жауапкершіліктерді білуге;

2) өз балаларының осы Ережені сақтауына ықпал етуге және  академиялық адалдықты сақтаудың маңыздылығы туралы үнемі әңгімелесуге міндетті.

  1. Педагог қызметкерлер мен оған теңелгендер:

1)      ата-аналар арасында ақпараттық жұмыс жүргізуге;

2)      оқушыларды нақты және анық ақпарат көздерін таңдауға үйретуге, қолдау көрсетуге;

3)      сілтеме, нұсқама және библиографияны рәсімдеуді үйретуге;

4)      орындалатын жұмыстың барлық авторын көрсетіп, жобалық жұмыстарын қағазда, электрондық нұсқада, сандық құралдарда дайындау тәсілдерін үйретуге;

5)      оқушыларды оқыту үрдісінде өз пікірін білдіруге үйретуге;

6)      бағаланатын жұмыстың алдында оқушылармен академиялық адалдықты ұстану туралы түсіндіру  жұмыстарын жүргізуге;

7)      осы Ережемен белгіленген талаптарды бұзудың кез келген мүмкіндіктеріне тосқауыл қоюға;

8)      осы Ережені бұзудың әрбір жағдайына қатаң есеп жүргізуге;

9)      мектеп әкімшілігі мен ата-аналарға немесе басқа да заңды өкілдеріне Ережені бұзудың әрбір жағдайы туралы жазбаша ақпарат беруге міндетті.

  1. Мектеп әкімшілігі:

1)      оқушыларға, ата-аналар мен заңды өкілдерге осы Ережені түсіндіру бойынша педагог қызметкерлер  мен оған теңелгендердің жұмысын қамтамасыз етуге;       

2)      оқушылар негізгі  ережелерде қарастырылған ережені бұзғанда шара қолдану бойынша жұмысты үйлестіруге;

3)      оқушылардың академиялық адалдықты орындауын  бақылау және мониторинг жүргізуге міндетті.

 

4. Бұзушылық түрлері

 

  1. Аталған ережелермен академиялық адалдықты бұзудың келесі түрлері қарастырылады:

1)  плагиат:

-     басқа ақпарат көздерінен алынған ақпаратты авторлық құптаусыз немесе дереккөздерді көрсетпей бөліктерін немесе толық иемдену;

2)  сыбайласу:

-     кез келген бағаланатын жұмысты өзге оқушы үшін орындау;

3)  алдау:

-     бағаланатын жұмысты басқа оқушылардан  көшіріп алу;

-     қайталап көрсету, бағаланып кеткен жұмысты  өткізу;

-     орындамаған жағдайда жалған ақталу, бағаланатын жұмысты  мезгілінде орындамау;

-     топтық жұмыс қарастырылмағанда бағаланатын жұмысты  екі немесе одан да көп оқушылардың орындауы;

-     басқа оқушыларға саналы түрде көмек көтсету; өзінің бағаланатын жұмысынан оған көшіріп алуға мүмкіндік беру;

-     басқалардың бағаланатын жұмысын  өзінің меншігі ретінде көрсету;

4)  бағаларды, мәліметтерді, бағаланатын жұмыстарды бұрмалау:

-     бағаларды , тапсырма  жауаптарын бағалау нәтижелерін боямалау;

-     өлшеу және сауалнаманы бақылау нәтижелері, зерттеу кезіндегі сауалнама мен басқа әдістердегі мәліметтерді боямалау;

-     басқа оқушының бағаланатын жұмысын бүлдірген кездегі әдейі боямалау;

 

5) бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу:

- жиынтық бағалау жұмыстарын орындау кезінде жауаптарды беру;

- бағалау жұмыстары өткізілгенге дейін оқушы, мұғалім, немесе мұғалімге теңестірілген тұлғаның көмегі арқылы жауаптарды алу;

-  бағаланатын  жұмыстарды  жеке жұмысың ретінде көрсету үшін сатып алу  және өзге жолдармен қол жеткізу;

- бағаланатын жұмыстарды дайын күйінде сату, немесе сатып алуға көмектесу;

6) ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану:

- бекітілген нормативті акті негізінде тыйым салынған ақпаратты қағаз, электронды, цифрлы, техникалық құрылғыларды бағалау жұмыстарын орындау кезінде  пайдалану;

- бағаланатын жұмысқа қатысты кез келген жауаптарды электронды пошта, компьютер және т.б. жолмен көшіру;

- педагог қызметкердің бағаланатын жұмыстарға қатысты ақпаратты компьютерден көшіру, қағаз не электронды тасымалдаушы құралдар көмегімен  кабинеттен шығару.

14.  Академиялық  адалдыққа қатысты тәртіп бұзушылықтың тізімі осымен шектелмейді, қажеттілікке қарай толықтырылып отырады.

 

  1. 5.     Ережені бұзған жайдайда шара қолдану тәртібі

 

15. Академиялық адалдыққа қатысты тәртіп бұзушылықтардың анықталуы:

1)      Қалыптастырушы, ағымдық бағалау жұмыстарын өткізу кезінде;

2)      Сумативті,қорытынды бағалауды белгілеу кезінде;

3)      Оқушылардың бағаланбайтын жұмыстарын орындау кезінде.

16. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі қалыптастырушы, ағымдағы бағалауда плагиат пен сыбайласу анықталса:

1) пән мұғалімі осы ережеде бекітілген форма негізінде ережесін бұзғандығы туралы акт құрап, оқушылармен кездесу өткізеді. Ереженің бұзылғандығы туралы акты мен сәйкесінше дәлелдемелердің көшірмелері, оқушылардың жұмыстары  кураторға тапсырылады;

2) қайталама бұзушылық жағдайда, пән мұғалімі бекітілген форма негізінде ережесін бұзғандығы туралы акт құрап, оқушылардың   ата – аналарымен, не заңды өкілдерінің  қатыстырылуымен кездесу өткізеді. Тәртіптің бұзылғандығы туралы акт пен тәртіптің бұзылғандығы туралы заттай дәлелдемелерді кураторға өткізеді;

3) жүйелі түрде (үш рет не одан да көп), пән мұғалімі бекітілген форма негізінде ережесін бұзғандығы туралы акт құрайды. Ережесін бұзғандығы туралы акті мен заттай дәлелдемелер мен оқушы жұмысының көшірмесі кураторға тапсырылады. Куратор өз тарапынан  оқушының ата – анасы мен оның басқа да заңды өкілін тәртіп бұзғандығы туралы жазбаша түрде хабардар етіп, барлық құжаттарды Тәртіп комиссияға өткізеді.

17. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі қалыптастырушы, ағымдағы бағалауда алдау анықталса:

1) пән мұғалімі бекітілген форма негізінде ережесін бұзғандығы туралы акт құрайды, оқушының ата-анасының немесе оның басқа заңды өкілінің қатысуымен кездесу өткізеді.  Ереженің бұзылғандығы туралы акты мен сәйкесінше дәлелдемелердің көшірмелері және оқушы жұмысының көшірмесі кураторға тапсырылады;

2) жүйелі түрде (екі не одан көп), бекітілген форма негізінде ережесін бұзғандығы туралы акт құрайды. Ережесін бұзғандығы туралы акті мен заттай дәлелдемелер мен оқушы жұмысының көшірмесі кураторға тапсырылады.  Куратор оқушы ата-анасын немесе оның басқа да заңды өкілін жазбаша түрде ережені бұзғаны туралы ескертеді. Куратор бар құжаттарды Тәртіп комиссияға береді.

18. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі қалыптастырушы, ағымдағы бағалауда бағаларды,мәліметтерді,бағаланатын жұмыстарды бұрмалау, бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу, ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану анықталса: 

пән мұғалімі академиялық адалдық ережесін бұзғандығы туралы акт құрайды, оқушының ата-анасының немесе оның басқа да заңды өкілінің қатысуымен кездесу жүргізеді. Ережесін бұзғандығы туралы акті мен заттай дәлелдемелер мен оқушы жұмысының көшірмесі кураторға тапсырылады. Куратор оқушы ата-анасын немесе басқа да заңды өкілін жазбаша түрде ережені бұзғаны туралы ескертеді. Куратор бар құжаттарды Тәртіп комиссияға береді.

19. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі жиынтық, қорытынды бағалауда плагиат, сыбайласу, алдау, бағаларды,мәліметтерді,бағаланатын жұмыстарды бұрмалау, бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу, ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану анықталса:

пән мұғалімі, емтиханда қатысатын өкілі бекітілген форма негізінде ережесін бұзғандығы туралы акт құрайды. Ереженің бұзылғандығы туралы акты мен сәйкесінше дәлелдемелердің көшірмелері және оқушы жұмысының көшірмесі кураторға тапсырылады. Куратор оқушы ата-анасын немесе басқа да заңды өкілін жазбаша түрде ережені бұзғаны туралы ескертеді. Куратор бар құжаттарды Тәртіп комиссияға тапсырады.

20. Егер оқушылардың бағаланбайтын жұмыстарын орындауы кезінде плагиат, алдау, мәліметтерді бұрмалау жағдайлары анықталса, пән мұғалімі, куратор немесе ата-ана оқушымен әңгіме жүргізеді.

  1. Осы Ережелерінің 13 пунктіне бойынша оқушылар тарапынан бұзушылықтар болған жағдайда, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасымен бекітілген  ішкі тәртіп ережесіне сәйкес оқушыларға қарсы тәртіптік жаза шаралары қолданылады;  

22. Тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасымен бекітілген  ішкі тәртіп ережесімен реттеледі.

 

Назарбаев Зияткерлік мектебі

оқушыларының академиялық

адалдықты сақтау туралы

ережесіне қосымша

 

 

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ АКТ

 

Мұғалімнің АЖТ:

Пәні:

телефон:

Ғылыми қызметінің түрі:

 

E-mail:

Оқушының аты:___________________

_________________________________

Оқитын сыныбы:_________

Бұзылған тәртіптің сипаттамасы (мерзімі, уақыты, орны және т.б.) (қажет деп тапқан жағдайда қосымша бет тіркеледі):

 

 

Пән мұғалімі, емтихан өкілініңқолы және мерзімі:

                        астын сызу керек

 

Оқушының қолы мен мерзімі:

 

 

Актімен таныстым:

ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілінің қолы

 

 

 Құжатты жүктеу (қазақ тілінде)