Мектеп тарихы

2010 жылдың қыркүйегінде

Астана қаласында химия-биологиялық  бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды.

2011 жылдың 12 шілдесінде

Астана қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін Халықаралық Бакалавриатта  авторизациялау туралы шешім қабылданды. Халықаралық Бакалавриат шеңберінде шәкірттерге  оқу бағытын таңдау мүмкіндігі берілетіндігіне  байланысты мектептің химия-биологиялық бағыты жойылып,  Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі деп аталды.

2011 жылдың 21 қыркүйегінде

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Халықаралық Бакалавриат Ұйымы арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында  өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

2011 жылдың қарашасында

Дипломдық Бағдарламаны авторизациялау үшін  Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне   «мектеп-кандидат» мәртебесі берілді.

2013 жылдың сәуірінде

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Дипломдық Бағдарламаны авторизациялаудан сәтті өтіп, Халықаралық Бакалавриаттың  Бүкіләлемдік  мектебі мәртебесін алды. Бұл мектеп - Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесіндегі ХБ бағдарламасы бойынша оқытатын алғашқы білім беру мекемесі.

2013 жылдың 2 мамырында

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі  Халықаралық Бакалавриат ұйымының негізгі мектеп бағдарламасының (Middle Years Programme) кандидат мектебі мәртебесіне ие болды.

2015 жылдың қарашасында

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриаттың Негізгі мектеп бағдарламасының авторизациясын алды.

2016 жылдың маусымында

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) аккредитациясынан сәтті өтіп, ресми куәлігіне ие болды. Осыдан алдын мектепке 2015 жылдың 7 мамырында Халықаралық Мектептер Кеңесінің аккредитациясынан өтуге құқығы бар "мектеп-кандидат" мәртебесі берілді. 

2019 жылдың қазан айы

 Нұр- Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Халықаралық Бакалавриаттың бағалау іссапары өткізілді. Халықаралық Бакалавриат  уәкілеттілігі берілген әр мектепте 5 жыл сайын бағалау жүргізіледі. Мектептерде жүргізіліп отырған әр бағдарлама жеке бағалаудан өтеді.  Айта кетерлік жайт: Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Негізгі мектеп пен Жоғары мектеп бағдарламаларын бағалауды бір уақытта өткізуге  өтініш берді. 2019 жылдың 23-қазанында мектепке бағалау кезеңінен сәтті өткендігі туралы Халықаралық Бакалавриаттың есебі келді.

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алдағы уақытта да келесі бағыттарды ұстанып, ары қарай жетілдіреді:

  • білім берудің әлемдік деңгейдегі сапасы;
  • білім берудің үлкен мүмкіндіктері мен болашағы;
  • жеке білім беру мен қабілеттерді дамыту;
  • үштұғырлы тіл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл , орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі  және ағылшын тілі - әлемдік экономикаға кіру тілі ретінде;
  • оқушылардың халықаралық және республикалық байкаулардағы жоғары нәтижелері;
  • мектеп оқушылары жүзеге асыратын кең көлемді жалпымектептік, соғыс ардагерлеріне, жетім балаларға, мүгедектерге көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобалар;
  • ақпараттық-коммуникациялық  инфрақұрылым;
  • білім беру жүйесін құрайтын, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған (ХБ оқушысының үлгісі) оқыту мен тәрбие үрдісінің тұтастығы;
  • оқу мекемесі қауымдастығының барлық мүшелерінің мектеп өміріне белсенді қатысуы;
  • әр баланың үйлесімді дамуына қауіпсіз және оңтайлы жағдай жасау;
  • оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамытуға ықпалын тигізетін жаңа зертханалар;
  • интерактивті мультимедиалық құралдарымен жабдықталған заманауи кабинеттер;
  • әр оқушыға ғаламтор жүйесіне шығу мүмкіндігі бар ноутбуктер;
  • үш тілде сапалы  білім беру үрдісін қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық  ресурстарымен жабдықталған кітапхана қоры;
  • жабдықталған конференц зал мен мәжіліс залы;
  • спорт, гимнастика, жаттығу және би залдары;
  • футбол, баскетбол, волейбол  және  жүгіруге  арналған  алаңдар.

Педагогикалық құрам

Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін тиімді жүзеге асырудың негізі болып табылатын  сапалы оқытушылар құрамы.

Оқытушылар ұжымы жергілікті және шетелдік мұғалімдерден құралады.

Педагогтер өз білімдерін арттыру мақсатында Швейцария, Норвегия, Англия, Италия, Испания, Ирландия, Швеция, Сингапур, Ресей, Колумбия елдерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Сапалы білім беру саласында тәжірибе алмасу мақсатында бүкіл әлемге әйгілі университет пен мектептерден келген оқытушылардың қатысуымен  семинарлар өткізіліп тұрады.

Мектептің Халықаралық Бакалавриат ұйымымен ынтымақтастықта жұмыс жасауы сапалы білім беру мен тәжірибе алмасу саласының тұрақты дамуына ықпалын тигізеді.