Халықаралық ойлау және әлем азаматтары
Халықаралық ойлау - бұл өзінің жеке басы мен әлемдік мәдениеттер арасындағы тепе-теңдікті құруға деген қызығушылыққа, басқа халықтардың мәдениеттері мен тілдерін құрметтей отырып, ұлттық бірегейлікті, мәдениет пен тілді сақтауға деген қызығушылыққа, өз елінің белсенді азаматы болу үшін тиімді ынтымақтастық пен қарым-қатынасты қолдана отырып, алуан түрлі әлемде өз орнын табуға деген қызығушылыққа; жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде шешімдер қабылдауға жауапты болуға және соғыссыз жақсартылған әлемнің негіздерін қолдай отырып, әлемдегі қиындықтарды қабылдауға деген қызығушылыққа негізделген халықаралық көзқарас тұрғысынан ұлт пен мәдениетті терең тану;
Жаһандықазамат - бұл өзін үлкен әлемнің бөлігі ретінде сезінетін және басқалар алдында адам құқықтарын құрметтеуге, әділеттілікке және әртүрлілікке негізделген жауапкершілікке ие адам. Әлем азаматы жергілікті және ғаламдық істерге қатыса отырып, білімімен бөлісіп, оң нәтижелерге қол жеткізу арқылы әлемді жақсартуға тырысады. Жаһандық азаматтар әлемдік қоғамдастық алдында жауапкершілікке ие және қоғамды жақсарту үшін өздерін жетілдіруі керек.