Халықаралық Бакалавриат Туралы Ақпарат

Халықаралық Бакалавриат (International Baccalaureate) – халықаралық үкіметтік емес білім ұйымы. Осы ұйым қызметінің басты бағыттары: 

1. Оқу бағдарламаларын жасау
2. Оқушылардың жетістіктерін бағалау
3. Мұғалімдердің білімін жетілдіру
4. Мектептерді авторландыру және олардың қызметін бағалау 

Қазіргі кезде Халықаралық Бакалавриатта (ХБ) дүние жүзінің 141 елінен 3200 мектеп авторландырылған, онда 945000 оқушы оқып жатыр. 

ХБ бойынша білім беруге арналған үш бағдарлама бар: 
бастауыш мектеп - The Primary Years Programme (PYP) 3 – 12 жастағы балалар үшін (1997жылы енгізілді және ХБ 805 мектепте);
негізгі мектеп - The Middle Years Programme (MYP) 11 – 16 жастағы балалар үшін (1994 жылы енгізілді және ХБ 903 мектепте);
жоғары мектеп – The Diploma Programme (DP) 16 – 19 жастағы балалар үшін (1968 жылы енгізілді және ХБ 2291 мектепте). 

Халықаралық бакалавриаттың бірегейлігі неде? 

Үздіксіз білім беруде 3-тен -19 жасқа дейінгі балаларды оқытуға арналған халықаралық деңгейде мойындалған бағдарламалардың бірі. 

Жоғары сапалы білім беруде 35 жылдан астам уақыт ішінде беделі артқан бағдарлама. 

Ұлттық сана-сезім мен отаншылдықты қалыптастыру арқылы оқушылардың халықаралық деңгейде хабардар болуын дамыту - халықаралық бакалавриат бағдарламасының негізгі тұжырымдамаларының бірі. 

Халықаралық Бакалавриатта білім үрдісі оқу үрдісінің дұрыс дамуына бағытталған. ХБ оқушысы күрделі сұрақтар қояды, сыни тұрғыдан ойлайды, зерттеу дағдыларын дамытады және қоғамдық жұмыстарға қатысады. 

ХБ бағдарламасының қол жетімділігі өңірлік кеңсе және халықаралық бакалавриат мектептер желісі арқылы дүние жүзімен байланысу жолымен қамтамасыз етіледі.