ХБ оқушысының үлгісі

Ізденімпаз

Біз оқу және зерттеу дағдыларын дамыта отырып, білім алуға құштарлығымызды арттырамыз. Біз өзіндік және топпен бірлесе отырып білім алу жолдарын білеміз. Біз қызуғушылықпен оқимыз және үздіксіз білім алуға деген сүйіспеншілігімізді өмір бойы сақтаймыз.

 

Зерделі

Біз әр түрлі пәндер арқылы терең білім алып, тұжырымды түсініктерді жетілдіреміз және қолданамыз. Біз жергілікті және ғаламдық маңызы бар мәселелер мен идеяларды талдауға қызығушылық танытамыз.

 

Ойланғыш

Біз күрделі мәселелерді талдап шешім қабылдау үшін сыни және шығармашыл ойлау дағдыларын пайдаланамыз. Этикалық және дәйекті шешімдерді қабылдау мақсатында белсенділік танытамыз.

 

Тіл табысқыш

Біз өз ойларымызды түрлі тәсілдер арқылы бірнеше тілде, батыл және шығармашыл түрде жеткізе аламыз. Басқа тұлғалар және топтармен ынтымақтасып, әр түрлі пікірлерді ескере отырып жұмыс жасаймыз.

 

Ұстанымды

Біз үнемі адамдардың құқықтары мен ар-намысын құрметтей отырып, әділдік пен адалдыққа негізделген іс-әрекет жасаймыз. Біз өз іс-әрекетімізге және олардың салдарына жауапкершілікпен қараймыз.

 

Әділетті

Біз басқалардың әдеп-ғұрыптары мен құндылықтарына да, өз тарихымыз бен мәдениетімізге де сыни тұрғыдан қараймыз. Біз алуан түрлі пікірлер мен көзқарастарды қарастырып сараптаймыз, әрі тәжірибе арқылы жетілуге ықыластымыз.

 

Қамқоршыл

Біз тілектестік, мейірімділік және құрмет көрсете білеміз. Біз қоғамға қызмет етуді адами борышымыз деп білеміз. Біз айналамыздағы әлем мен басқалардың өмірінде жағымды өзгерістер жасауға талпынамыз.

 

Тәуекелшіл

Біз өзімізге беймәлім жағдайларда сақтық танытамыз және тәуекелге барамыз. Біз жаңа идеялар мен инновациялық стратегияларды ашуда жеке және бірлесе жұмыс жасаймыз. Өмірде кездесетін өзгерістер мен қиындықтарға мойымай, тапқырлық танытамыз.

 

Үйлесімді

Біз өзіміздің және өзгелердің берекесі үшін өміріміздің интеллектуалдық, физикалық және эмоционалдық аспектілерінің үйлесімін сақтау маңыздылығын түсінеміз. Біз қоршаған орта және басқа адамдармен өзара байланысымызды түсінеміз.

 

Рефлексивті

Біз әлемді және өз тәжірибеміз бен идеяларымызды саналы түрде сараптаймыз. Үйрену және өзімізді тұлға ретінде жетілдіру мақсатында өзіміздің кемшіліктеріміз бен артықшылықтарымызды анықтаймыз.