Жоғары сапалы оқу мен оқыту
NISA - бұл дарынды/талантты оқушыларға Халықаралық бакалавриат бағдарламалары арқылы білім беру мүмкіндіктерін беретін халықаралық мектеп, оның миссиясы арқылы біз зияткерлік қоғамдастықты, өмір бойы оқуды бағалайтын мәдениетаралық түсіністік пен дағдыларды дамытуға қатысамыз.
Қоғамдастық ретінде біз ұлттық және жеке құндылықтарды тәрбиелеу арқылы оқушылардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасай отырып, оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру курстары негізінде жоғары сапалы оқу мен оқытуды қамтамасыз етеміз.
Біздің оқу бағдарламаларымыз креативті және сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін, сондай-ақ үздік тәжірибелерді таңдаудың жеке тәжірибесі арқылы әлемдік оқу мен оқытудың алуан түрлілігін рефлексиялау үшін мүмкіндіктер бере отырып, ұлттық білім беру қажеттіліктеріне орай әзірленген Халықаралық Бакалавриат бағдарламалары болып табылады.
Біздің сыныптан тыс үйірмелерге/клубтарға креативтік, тілдік, техникалық, спорттық үйірмелер, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның мүдделері бойынша клубтар, БҰҰ Моделі және экологиялық клуб кіреді, онда әрбір оқушы өз білімін тәжірибеде қолдана отырып, жеке әлеуетін дамытады және жүзеге асырады.
Біздің оқушылардың әл-ауқатына деген қамқорлығымыз - бұл әр оқушының мектепте өзін бақытты және жайлы сезінуі, оқу процесінен ләззат алуы үшін әлеуметтік және эмоционалды ортаға (ортаны құруға) үнемі қамқорлық жасау.
Біздің оқушылардың қауіпсіздігі - алғашқы медициналық көмек көрсету; төтенше жағдай туындаған кезде және эвакуация кезінде дамыған эвакуация жүйесі және lockdown, сондай-ақ терроризмге қарсы және басқа да пайдалы өмір туралы білімдер, дағдылар мен мүмкін болатын әрекеттер туралы ақпараттандыру.
Патриотизм, ұлттық бірегейлік, үйлесімді даму, белсенді азаматтық ұстаным, эмпатия, өзін-өзі таныту, еңбексүйгіштік сияқты ұлттық және жеке құндылықтарды тәрбиелеу - дифференция және түрлі ресурстар (виртуалды және шынайы) арқылы оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру дағдыларын дамытуға бағытталған біздің тұрақты және теңдестірілген бағдарламамыздың негізі.