Миссия, Ұстаным және Құндылықтар

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің миссиясы

Барлық қатысушылары мәдениетаралық түсіністік,  үздіксіз білім алуға және жоғары адамгершілік құндылықтарды дамытуға  бағытталған Зияткерлік қоғамды тәрбиелеу.


Халықаралық Бакалавриат миссиясы

Халықаралық Бакалавриаттың басты мақсаты танымды, ақылды және ұқыпты жастарды дамыту, яғни танымды, саналы қарым-қатынас және құрмет арқылы ең үздік және сабырлы әлем құруға көмектесу. 

Осы мақсатта ұйым халықаралық білім және нақты бағалаудың даму бағдарламаларын әзірлеуде мектептермен, үкіметпен және халықаралық ұйымдармен әріптестік қарым-қатынаста болады.

Бұл бағдарламалар өмір бойы барлық әлемдегі оқушылардың белсенділікке және қайғыға ортақтаса алу, басқа адамдардың көзқарастары мен құқықтарын түсіну және құрметтеуге үйретеді.

 

Мектеп ұстанымы

Біз толерантты әлем құруға бағыттайтын және үйлесімді дамуға мүмкіндік беретін оқу мен оқытуды қамтамасыз етуге талпынамыз. 


Құндылықтар:

1.Патриотизм (Отанға деген сүйіспеншілігі, өз мемлекетінің жетістіктері үшін мақтанышы, халықтың тілі және мәдениетін дамытуға талпынуы);

2.Ұлттық сәйкестік (халықаралық қарым-қатынастағы мәдениетті ұстануы, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге деген құрметі, толеранттылық);

3.Үйлесімді даму (өзіндік үйлесімді сақтауы үшін тұлғаның жан-жақты дамуы);

4.Белсенді азаматтық ұстаным (қоғам өміріне өзінің саналы түрде қатысуы, өз мемлекеті мен халқына пайдасын тигізуге талпынуы, өз көзқарасын, пікірін орынды ұсына білуі);

5.Эмпатия (жанашырлық таныта білуі);

6.Өзін-өзі таныту (ар-ұятын ұстанып және әлемге деген қатынасын көрсете отырып, ішкі рухани әлемін дамытуы);

7.Еңбексүйгіштік (еңбексүйгіштік, жауапкершілік және орындаушылық дағдыларының қалыптасуы).