Ата-аналарға

Құрметті ата-аналар!

Біз сіздерді және біздің шәкірттерімізді мектепте күнделікті көретінімізге қуаныштымыз! Өздеріңіз білетіндей, мектеп миссиясы – барлық қатысушылары мәдениетаралық түсіністік, үздіксіз білім алуға және жоғары адмгершілік құндылықтарды дамытуға бағытталған Зияткерлік қоғамды тәрбиелеу.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларға қояр талаптарының бірі – тәртіпке шақыратын мектеп күн тәртібін ұйымдастыратын, мектеп миссиясын және жауапкершілігін қалыптастыратын бірыңғай мектеп киім үлгісі. Бірыңғай мектеп киім үлгісі – Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушысының мәртебесін байқататын көрсеткіш. Мектеп қоғамдастығының ұжымдық рухын тәрбиелеудегі ажырамас бір бөлігі. Сондықтан да, әр оқушының мектеп киім үлгісіне құрметпен қарауы мектептің маңызды белгісін танығаны.

Назарбаев Зияткерлік мектебі педагогикалық ұжымның негізгі ережелерін орындауда, ата-аналар оқушының сыртқы келбетіне қойылатын талаптарды қадағалау арқылы көмек көрсете алады. Жоғарыда айтылған ережелер бұзылған жағдайда мектеп әкімшілігі Сіздерді жеке әңгімелесуге шақыруға мәжбүр болатындығын жеткізеді.

Біз сіздерді түсіністікпен қарап, қолдайтындарыңызға сенім білдіреміз!

 

Құрметпен,
Мектеп директоры
 
 
                    Садуакасов Сабыржан
 

 

 
 

 

  

 

 

Жазғы мектеп

Жазғы мектеп - бұл балалардың  белсенді демалысы мен белгілі бір пән бойынша интенсивті дайындық жүргізілетін жазғы лагерьдің бір түрі. Жазға мектеп өз жұмысын жоспарға сәйкес бастайды. Жазғы мектептің мақсаты - оқушылардың тілдік және академиялық қабілеттерін жоба, шығармашылық жұмыс және ойын іс-әрекеті арқылы жүзеге асыру.

 

 

Оқу бағдарламасы

Оқу бағдарламасы келесі сілтемеде берілген: https://nisa-public.rubiconatlas.org

Видео нұсқаулық

 

TalkLike

 

 

 

 

Анықтамалық кітапша

 

 

 

Оқушы кітапшасы