Ата-аналарға қосымша ақпарат

Ата-аналарға арналған ақпарат

 

  1. 1.             Неге Cito және СТУ?

 Оқушыларды конкурстық іріктеуден өткізудің жаңа жүйесін дайындау үшін бірнеше халықаралық тәжірибелер зерттелді: Ұлыбритания, Австралия, АҚШ және Нидерланды.  Конкурстық іріктеудің жаңа жүйесін дайындау жұмысы «Cito» Педагогикалық өлшеулер институты (Нидерланды) және  «СTY» Джонс Хопкинс Университетінің Дарынды жастар орталығымен (АҚШ) бірлесіп жасалды.

  1. 1.             Конкурстық іріктеу тестінің құрамы қандай?  

 

          Конкурстық  іріктеу 2 тестен тұрады:  пәндік тест және қабілеттілікті бағалайтын тест 

 

 Пәндік тест математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша тест тапсырмаларынан тұрады.  

 Математиканың  мазмұндық жоспар бойынша құрылған тапсырмалар  алған білімдерін түрлі жағдайларда қолдану дағдыларын бағалауға бағытталған.  

 Тілдер бойынша оқушылардың тілдік құзыреттілігі мен сауаттылығы,  ережелерді білуін тексеру емес, мәтінмен жұмыс жасау арқылы бағалауға бағытталған. 

             

Қабілеттілік тесті оқушылардың жаратылыстану-математикалық ғылымдарын оқуға қабілеттерін анықтайды. Сонымен қатар оқушылардың әр түрлі деңгейін саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушының жеке даму траекториясын анықтауға мүмкіндік береді. Қабілеттілік тесті екі секциядан тұрады:

§ «Сандық сипаттамалар» секциясы, тест тапсырмалары оқушылардың сандық сипаттамаларды қолдану қабілеттерін, сандармен жұмыс жасай білуін анықтауға бағытталған. 

§ «Кеңістікте ойлау» секциясы, оқушылардың үш өлшемді кеңістікте болжай алу қабілетін, абстрактылы-логикалық ойлай білуін анықтауға бағытталған.  

 

  1. 3.               Неге нәтижелер 40 күннен кейін белгілі болады? 

 

            Оқушылардың балдары тестілеуден кейін  40 күн өткенде сайтқа ілінеді. Бұл мерзім жауап парақтарын сканнан өткізу қажеттілігінен және халықаралық стандартқа сәйкес нәтижелерді психометрикалық өңдеуден туындаған қажетті мерзім.  

  Тест нәтижелерін өңдегенде сұрақтардың сапасын бағалауға, нұсқалар бойынша салмақ деңгейін салыстыру мен анықтауға мүмкіндік беретін психометрикалық талдау қолданылады. Сапасыз сұрақтар тест базасынан және барлық оқушылардың нәтижелерін есептегенде бірден алынады, бұл үміткерлердің барлығына апелляциясыз тең жағдайды қамтамасыз етеді.  

 Қазақстанда психомертрика бойынша кәсіби мамандарының болмауына байланысты, конкурстық іріктеу нәтижелері «Cito» Педагогикалық өлшеулер институты (Нидерланды) және  «СTY» Джонс Хопкинс Университетінің Дарынды жастар орталығында (АҚШ) өңделеді.

 

  1. 4.               Грант тағайындау конкурсына кімдер қатыса алады? 

             

 Конкурсқа 24.05.2013 жылдың  №515 ҚРҮБ 9  бабына сәйкес балл жинаған келесі үміткерлер қатысады:  

-          пәндік тестің математика бөлімінде максималды мүмкін балдың 35 % және одан жоғары балл;

-          қабілеттілік тестінің сандық сипаттамалар бөлімінде максималды мүмкін балдың 40 % және одан жоғары балл. 

            Сәйкесінше, бұл келесі балдарды жинаған үміткерлер: 

-          математикадан 140 балл және одан жоғары;

-          сандық сипаттамалардан 24 балл және одан жоғары.

 

5.        Грант қалай тағайындалады?     

   

 7-сыныпта оқу үшін үміткерлерге грант тағайындау тәртібі бойынша үміткерлердің нәтижелерін теңестіру арқылы есептеуді жүргізу ережесі Стратегиялық серіктестерімен бірлесіп құрастырылды. (Кесте)  

 

 

           24.05.2014 жылдың №515 ҚРҮБ 10 бабына сәйкес Зияткерлік мектептердің 

7-сыныптарында оқу үшін, нақты мектепке белгіленген сұраныс шегінде, Республикалық комиссия шешімімен грант келесі үміткерлерге тағайындалады:

-          пәндік тест бойынша ең жоғары жалпы балл алған үміткерлер;

-          пәндік тест бойынша жалпы балл бірдей болған жағдайда математикадан ең жоғары балл алған үміткерлер;

-          математикадан бірдей балл болған жағдайда, қабілеттілік тесті бойынша ең жоғары жалпы балл алған үміткерлерге беріледі.