Үйірме

Баланы секциялар мен үйірмелерге беру керек пе? Сабақпен қоса бұл оған ауыр бола ма? Жоқ әлде керісінше жақсы демалыс па? Онда қандай үйірмені таңдау керек? Бала рахаттанып баратын әрі өзіне пайдалы болатын үйірмені қалай таңдау керек?

Осындай сұрақтармен әр ата-ана кездесетін шығар. Бірден бұл сұраққа жауап бере алмайсың. Әкесі мен шешесіне әр нақты жағдайда «оң» мен «терісті» қарастыру керек. 

Сонымен «оң»:

Секциялар мен үйірмелер дегеніміз:

- Айналысып жүрген істерінің алмасуы. Егер балаңыз спорт секциясына барса, онда ой әрекеті дене әрекетіне ауысады. Егер музыкалық немесе көркемөнер үйіріне қатысса онда шығармашылыққа ауысады. Қолөнер үйірмесінде қозғалыс белсенділігі, яғни қол еңбегі дамиды.  Егер қызыңыз немесе ұлыңыз шахмат, тоғызқұмалаққа барғысы келсе бәрібір де өздеріне ұнағанды істейді;

- Қарым-қатынастың ауысуы.Әдеттегідей секциялар мен үйірмелер еркін қалыпта жүреді, бірақ еркіндік шектен шықпайды.

- Араласатын ортаның ауысуы. Сабақтар әдетте жеке кабинеттерде өтеді. Ал үйірмелерде балалар тек сыныптастарымен араласып қана қоймай, басқа жан-жақтан келген балалармен танысып, араласады.

- Жағдайдың ауысуы. Үйірмелерде балалардың қызығушылықтары бойынша барлық жағдай жасалады. Оларды барлық жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жақсы үйірмелерде демалу зоналары болады. Шаршасаң ыңғайлы дивандарда жайғасуыңа болады.

Баланың өз ойымен бөлісіңіздер. Мүмкін оның өзі ойлап жүрген, барғысы келіп жүрген үйірмесі бар шығар. Сізге балаңызға үйірме неге керек екендігін түсіндіріп, бірнеше нұсқауларды көрсетуіңіз керек.  Ең дұрысы үйірмеге сізбен ақылдасып бару керек. Балалар үнемі дұрыс таңдау жасай алмайды. Кейде олар мүлде ештеңе қаламайтын сияқты көрінеді. Кей кездері балалар шамаларынан тыс нәрсені қажет ететін үйірмелерге тек оның сыныптасы қатысатындықтан, соған ұқсаймын деп қатысып жатады. Дегенмен баланы қаламайтын үйірмеге күштеп апаруға болмайды: бұл не сізге, не балаңызға жақсылық әкелмейді.

Есіңізде сақтаңыз, сіз балаңыздың психикалық, шығармашылық, әлеуметтік дамуына қамқорлық жасайсыз. Бұл қиындықтар сіздің мақсаттарыңызбен салыстырғанда қиын емес шығар.

        КРУЖКИ