Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептебі достарын қарсы алды!

Ашық есік күні аясында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептебі жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары, ұстаздары мен ата-аналарын қарсы алды. 

Іс-шара қонақтары Халықарылық Бакалавриат бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын Зияткерлік мектебіндегі оқытудың ерекшелігімен кеңірек танысуға мүмкіндік алды. Бір күн бойы оқушылар математика, тілдер, ғылым пәндеріне, үйірме сабақтарына және танымдық, спорттық ойындарға қатысып, эксперименталды ғылымдар кафедрасы мұғалімдері ұсынған шоудың куәгері болды. Ал мұғалімдер мен ата-аналар үшін арнайы әдістемелік секциялар ұйымдастырылды. 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алу мүмкіндіктері, каникулярлық және виртуалдық мектептеріне тіркелу туралы оқушылар және олардың ата-аналары арнайы консультациялық бекеттерден біле алды.  

Іс-шара барысында белсенділік танытып, үздік атанған 5 оқушыға ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға мүмкіндік беретін сертификаттар және Астана қаласы Назарабаев Зияткерлік мектебінде 5-күндік жазғы лагерге жолдама тарту етілді.

Бұл күннің негізгі кейіпкерлері, яғни орта мектеп оқушылары ұйымдастырушыларға зор алғысын білдіріп, олар үшін бұл күн ұмытылмас сәттерге толы болғанын жеткізді.  Шара аясында барлық қатысушылар мектеп атынан кітаптар мен сыйлықтармен марапатталды.

Аталмыш істі жүзеге асыру үшін қажет қаражат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде Зияткерлік мектептерінің оқушыларымен ұйымдастырылған қайрымдылық жәрмеңкелері мен көрмелерінің нәтижесінде жиналды. 

 

No images found.