"Жасыл" болашаққа қадам

20 желтоқсан Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (ДББҰ) Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) серіктестікте «Жасыл» болашаққа қадам» Халықаралық конференциясын өткізді.

Конференция «Қазақстанның тұрақты даму концепциясы-2024» аясында ұйымдастырылып, экологиялық тұрақтылық мәселелерін қарастыруға бағытталды. Іс-шара 200-ге жуық жалпы білім беру және Зияткерлік мектептерінен келген экология, география және биология пән мұғалімдерін біріктірді.

Конференцияның негізгі мақсаты - еліміздегі мамандарды «Климаттық қобдишасы» және «Климаттық өзгерістер» тақырыбында оқу және ойын-сауық материалдары қамтылған оқыту ресурсымен таныстыру болды.

Конференцияның пленарлық отырысының ашылу рәсімінде, қатысушылар алдында құттықтау сөзімен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова сөйледі:

-       Қазіргі заманда қоғамда, экономикада, саясатта және ақпараттық технологиялар кеңістігінде біршама терең өзгерістер орын алып жатыр. Оның салдары қоршаған ортаға да өз әсерін тигізуде. Өз кезегінде бұл білім мазмұнын жаңартуда белгілі бір іс-шаралар мен өзгерістерді талап етеді.  Осы мақсатпен Назарбаев Зияткерлік мектептерінде кіріктірілген білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Біздің түлектер мектепте алған тәжірибені заманның жаһандық мәселелерімен кездескен сәтінде дұрыс қолдана білуін қамтамасыз ету үшін аталған өзгерістерді ескеруге тырыстық. Жан-жақты білім беру мен тәрбие жұмысын біріктірудің тиімді көрсеткіші ретінде – Зияткерлік мектептердің қоршаған орта мен экология мәселелеріне арналған байқаулар мен олимпиадаларында белсенділік танытып, тікелей қатысуын атап өтуге болады, - деп Күләш Ноғатайқызы сөзін жалғастырды.

Келесі сөз кезегін БҰҰДБ департаментінің директоры Расул Рахимовқа берілді. Ол өз кезегінде конференция қатысушыларына БҰҰДБ-ның басты кеңсесінің сәлемдемесін айтып, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» басшылығына ұйымдастырылған іс-шара бойынша алғысын білдіріп шықты:

-       Бүгінгі іс-шара біз үшін ерекше маңызды. Өйткені Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі негізінде біз қызықты бағыттардың бірі – климаттың өзгеруі туралы оқушылар арасында дұрыс көзқарастың қалыптастыруын дәріптеуді көздеп отырмыз. Серіктестігіміз маңызды 2017 жыл – “Expo-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында орнатылғанына қуаныштымыз. Өтіп отырған конференция Зияткерлік мектептер мен БҰҰ даму бағдарламасы арасындағы алда бірігіп жасалатын іс-шаралар жоспарының алғашқы қадамы деп үміттенеміз.  Бірыңғай жасалған жұмыс нәтижесінде бүгінгі таңда Елбасы және біздің Үкіметпен күн тәртібінде қойылған мақстаттарды орындайтынымызда күмәнім жоқ, - деді Расул Рахимов.

Іс-шара барысында Қазақстандағы білім беру мекемелерінде жүзеге асырылған жасыл технологияларды қолдану арқылы жаһандық жылыну мәселесімен күресудің отандық және халықаралық тәжірибесі талқыланды. Секциялар жұмысы аясында мұғалімдер сарапшылармен бірге «Climate Box» ресурсын Қазақстан Республикасы бойынша бастауыш, орта және жоғары сыныптарында тәжірибе жүзінде қолдану мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында, практикалық жұмыстар орындады.

Мұғалімдер тәжірибесін біріктіріп, балалардың зерттеу және жобалау жұмыстарына қолайлы орта жасау мақсатында экологиялық жобалар көрмесі ұйымдастырылып, көрмеде «Water in Aul» жобасы және Назарбаев Зияткерлік мектептері бойынша өткен аймақтық байқаулар жеңімпаздарының жұмыстары ұсынылды. 

Бүгінгі таңда Зияткерлік мектептер энергияны үнемдеу және тұрақты даму мәдениетін насихаттау бойынша өз жұмысын жетілдіріп, жалғастыруда. Мысалы 2015 жылдан бастап мектептерде «EXPO – 2017-ның жас достары» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба барысында Зияткерлік мектептердің оқушылары халықаралық көрмені дәріптеу мақсатында жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларымен кездесіп, көрменің пайда болу тарихымен, жаңартылатын және баламалы энергия көздері саласындағы жобалармен таныстырады. Сонымен қатар 7-12 сынып оқушылары «EXPO – 2017» жобасы қарсаңында ұйымдастырылатын байқауларға белсенді қатысуда.

 

No images found.