Қалалық біріншілікте - І Орын!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай Астана қаласы мектептерінің қыздар футболы құрама командаларының арасында шағын футболдан қалалық ашық біріншілік ұйымдастырылды.

Сайысқа қаламыздың №2, №20, Халықаралық QSI және Астана қаласындағы Зияткерлік мектептерінің командалары қатысты. ІІІ орынды қалалық №20 мектебі, ІІ орынды QSI Халықаралық мектебі иеленді.

Ерекше мақтан тұтарлық жаңалық иелері - І орынға ие болған Астана қаласындағы Зияткерлік мектебінің қыздар командасын және олардың жаттықтырушысы Руслан Бешимбаевті жеңіспен құттықтап, жарысты ұйымдастыруда ат салысқан дене тәрбиесі кафедрасының мұғалімдеріне алғыс білдіреміз!

 

No images found.