Мейірімділік Күніне арналған Халықаралық фризмоб-флэшмоб

2016 жыл қарашаның 13 күні «Керуен» сауда орталығында Астана қласындағы Халықаралық мектебі және Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары мен мұғалімдері Қазақстан өкілдері ретінде ғаламшардың 50 мемлекетінің 100 астам орындарында,  мыңнан астам балалар мен ересектер Мейірімділік Күніне арналған V жыл сайынғы Халықаралық  «Kindness day» фризмоб-флэшмобқа қатысты.

Іс-шараның мақсаты – балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, жақсы іс-әрекеттердің маңыздылығына назар аударту.  Сондай-ақ, аталмыш оқиға, әр қатысушыға ортақ құндылықтарға ие Әлемнің азаматы ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Акцияның сценарийі барлық елдерде ортақ: алдымен қатысушылар іс-шараға арнайы әзірленген композицияға (фризмоб) сәйкес мейірімділік әрекетін білдіретін қалыпта тұрады, одан кейін өз мемлекетінің туын көрсетумен және «мейірім қозғалысы» жалауын серпумен Мейірімділік Биі орындалады. Соңында қатысушылардың барлығын қайырымды іс-әрекеттер тізбегінде белсенді қатысушылар қатарына шақыратын «Жақсы әрекеттерге ынталандыру карточкалары» таратылды.

Бидің әсері бір күнмен шектелмейді, ол бір-біріне мейірімділік қолын созған бүкіл дүниежүзі бойынша көрсетілетін бейнебаян арқылы жалғасатын болады. Қатысушылар ұраны қарапайым: «Ерікті бишілердің шағын ғана тобы әлемді өзгерте алатындығына ешқашан күмән келтірмеңіздер». Біз қолымыздан барлығы келетіндігін би арқылы көрсеткіміз келеді. Бізді  мейірімділік сезімі мен қайырымды іс-әрекеттер алға жетелейді.

Көне бидің ұйымдастырушысы және координаторы Life Vest Inside (Нью-Йорк, АҚШ) бейкомерциялық ұйымы болды. Мейірімділік шарасын қолдаушылар АҚШ, Канада, Австралия, Испания, Швейцария, Сингапур, Чили, Аргентина, Индия, Хорватия, Англия және Польшамен қатар Қазақстан Астана мен Алматы қалаларының білім беру мекемелерінің оқушылары және қызметкерлері тобымен қатысатын болады.