Зияткерлік мектептердегі психологиялық қызметінің заманауи үрдістері

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Зияткерлік мектептердегі психологиялық қызметінің заманауи үрдістері" тақырыбында Зияткерлік мектептер педагог-психологтарының аймақтық семинары өтті.

Іс-шараның максаты - жанұядағы қауіп факторларын болдырмау арқылы, оқушының денсаулығын сақтау және нығайту. Ата-аналардың қатысуымен өткен семинарда келесі өзекті мәселелер талқыланды: бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасқа байланысы, балаларды өзін-өзі тануда оң түрде бағалап, олардың жанұя мен өмірлік тәжірибеде сәтті қалыптасуына бағыт көрсетіп үйрету, баланың жалпы өз-өзімен үйлесімді дамуына ықпал ету, ата-ана махабаты мен жылы сезімі, сөздерінің маңыздылығы, жасөспірім қылықтары, ата-аналардың нұсқауларын талдау.

Іс-шараның екінші бөлімінде педагог-психологтар арасында жеке семинар өтті, онда олар психолог пен мұғалімнің шеберханасы аясында заманауи әдістер мен құралдарды талқылап, музыкалық және физикалық жаттығулар жасап, тәжірибе алмасты.