Кітапхана – интерактивті білім кеңестігі

2016 жылы 1-қараша күні Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қалалық кітапхана қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды.        

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен «PISA бағдарламасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын және оқу дағдысын жетілдіру мақсатында қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында өткен іс-шара 40-тан астам жалпы білім беру және Республикалық физика-математика, сонымен қатар Республикалық «Жас Ұлан» әскери мектептерінің кітапхана қызметкерлерін біріктірді.  

Семинардың басты мақсаты – қалалық жалпы білім беру мектептеріне мектеп кітапханасы жұмысын жетілдіру, оқушыларға ғылыми зерттеу жұмысын жасатудың әдістері, мектеп қауымдастығындағы кітапханашының ролін дамыту және тығыз әріптестік орнату. 

Тәжірибе алмасу семинарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім беру саясаты және бағдарламалары департаментінің аға менеджері Аида Ағаділ ашып, бүгінгі таңда кітапханашылар жұмысының маңызыдылығы артқанын атап өтті.  «Кітапхана – ойын алаңы немесе интерактивті білім кеңестігі  деп елестетіп көрейік, сол кезде біздің оқушыларымыз кітапханаға асыға барып, кітап оқуға деген қызығушылығы артпай ма? Өз бетінше бұл балалардың білім деңгейінің жоғарлауына себеп болып, үздік нәтижелерге алып келеді», - деді Аида Төлендіқызы. 

Семинар қатысушылары алдында Астана қаласы Білім басқармасының кітапхана қоры жөніндегі әдіскерінің көмекшісі Шолпан Әбілғазина да сөз сөйледі. Өз баяндамасында қалалық жалпы білім беру мектептерінің кітапханашыларымен жасалған жұмыс нәтижелерін көрсетіп бөлісті. «Әрбір тәжірибе алмасу аясында ұйымдастырылған іс-шарадан соң кітапханашылар өз жұмысын одан әрі дамытып, шабыттанады. Бүгінгі таңда оқушылар тек оқулыққа ғана келмей, сонымен қатар әдістемелік құралдар сұрап, кітапханада бос уақытын өткізеді. Достарымен келіп, өзіне ұнаған туындыларын талықылайды», - деп Шолпан Сәбитқызы сөзін жалғастырды. 

Кітапхана қызметкерлеріне арналған іс-шара Астана қаласындағы Зиткерлік мектептің педагог-психологтар ұйымдастырған жаттығулармен басталды.  Нәтижесінде барлығы бір-бірімен танысып, топтық жұмыс жасауға ынтасы артты.     

Іс-шара аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагог- кітапханашылары отандық және халықаралық деңгейдегі озық тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ, «Кітапхана – ойын алаңы», «Кітап оқуды насихаттаудың заманауи әдістері», «Оқуды жетілдіру барысында қолданылатын жаңа әдістер мен тәсілдер», «Мектеп кітапханасы ғаламтор кеңістігінде», «Халықаралық «Нүкте күні», «Оқушыларды кітап оқуға ынталандырудың әдістері», «Мәтінге мазмұнда жасаудың тәсілдері» тақырыптарында теориялық және практикалық жұмыстар жүргізілді.   

Мен үшін ерекше болған кітап туралы трейлердің, яғни қысқаша бейнебаянын құрастыру болды. Бір сағаттың ішінде ақпараттық технологияларды қолданып, кітап мазмұнымен таныстырып, бала көңілінен шығатын қызықты ролигін жасадық. Сонымен қатар семинарбарысында практикалық жұмыстар басым болғаны ұнады, өйткені теория көп жағдайда есте сақталмайды ғой. Ең бастысы, бүгін үйренген әдістер көп қаражатты қажет етпейді, оларды мектебімізде кедергісіз орнатып, қолдануға болады, - деп семинар қатысушысы, №76 мектеп-лицейінің кітапханашысы Фарида Абдуғалиева ой бөлісті. 

Семинар нәтижесінде кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін артып, қазіргі заманғы кітапхана саласына қатысты әдістері меңгерілді. 

Қорытынды құттықтау сөзімен тыңдаушылар алдында Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарушы директоры Айгүл Казжанова сөйледі. Өз сөзінде Айгүл Өмірқызы семинар қатысушыларын оқудан сәтті өтуімен құттықтап, оқу үрдісінің белсенді қатысушылары болып табылатын кітапхана қызметкерлеріне өз мамандығына ынтық болып, әрдайым шығармашылық шабытта болуын тіледі. Сонымен қатар оқу семинарларын ұйымдастырып, тәжірибе алмасу мен кадрларды даярлау барысында орасан жұмыс атқарған ұйымдастырушыларға ерекше алғысын айтты. 

Анықтама үшін: 2013 пен 2016 жылдары тәжірибе алмасу аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы тарапынан 148 оқу семинары ұйымдастырылған болатын. Онда 2094 тыңдаушылар қатысты. Қатысушылары: 

  • 30 пилоттық мектептің кітапхана қызметкерлеріне арналған 82 семинар (672 адам);
  • 919 жалпы білім беру мектептерінің кітапхана қызметкерлеріне арналған 57 семинар (1300 адам);
  • 4 колледж бен ЖОО-на арналған 3 семинар (51 адам);
  • 4 Республикалық «Жас Ұлан» әскери мектебіне арналған 2 семинар (59 адам);
  • О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатына арналған 4 (12 адам). 

 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кітапханалары өткізген семинарлардың басты тақырыптары: «Инновациялық кітапханалар», «Мектеп кітапханаларының қазіргі заманға сай жұмыс жасау әдістері мен тәсілдері», «Заманауи мектеп кітапханасы: кеңістік, дизайн, ақпарат қорлары», «Мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы кітапхананың рөлі», «Оқушылардың ақпараттық және сауаттылық дағдыларын дамыту», «Оқу мәдениетін насихаттаудағы белсенді әдістер мен тәсілдері».