Республикалық Роботтар олимпиадасының жеңімпаздары

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКЕН РОБОТОТЕХНИКА ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жеңімпаз атанған Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары Жангулов Алдияр мен Насыров Сұлтан қараша айында еліміздің атынан Үндістанда өтетін Әлемдік робототехника олимпиадасында ұлттық құрама қатарында сайысқа түседі.

Астанада өткен аймақтық жарыстарда жүлделі орынға ие болған оқушылар Республикалық байқауда Шығармашылық категориясының орта жас ерекшелігі бойынша үздік робот үлгісін көрсетті. Жарыстың салтанатты жабылу рәсімінде балаларға арнайы диплом мен сертификаттар беріліп, бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Айтулы іс-шарада мектеп намысын қорғап, үмітін ақтаған барлық қатысушыларға және оларды дайындаған "Робототехника" үйірмесінің жетекшісі Қымбат Жасұланқызы бастаған мұғалімдерге алғыс білдіріп, Халықаралық додада сәттілік пен жеңіс тілейміз!