Қарттарым-асыл қазынам

Қарттар күні мерекесіне орай Астана қаласындағы Зияткерлік мектептің 7-сынып оқушылары, олардың ата-аналары мен кураторлары Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне барып, Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады.

Астана қаласындағы Зияткерлік мектебінің қауымдастығы үшін мұндай кездесулер дәстүрге айналды. Олар әрдайым қуаныш сыйлайды. Үлкен кісілер үшін бұл кездесулер күнделікті қалыпты өмірін қамқорлықпен ажарласа, жас балалар үшін үлкендерге деген құрмет пен сыйластықты дағдыландырып, ұлттық дәстүрлер бағытында тәрбиелейді. Осы жолы қарттарды құттықтауға жаңадан келген 7-сынып оқушылары сұранды. Олар кездесуге барынша ізетпен дайындалды. Өлеңдерін оқып, тарихи оқиғаларға байланысты сқрақтарын қойып, сұхбат алды. Мектептегі өмірін сипаттап, жаңалықтармен бөлісті. 

Оқушылар өздерінің тілек-лебіздерін өлең шумақтары, жүректен шыққан ыстық тілектері арқылы жеткізсе, ата-аналар мектеп қауымдастығы атынан қарияларды мерекемен құттықтап арнайы сыйлықтар табыстады.