ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ПАЙДАМЕН ӨТКІЗУ

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары жазғы әлеуметтік тәжірибелерден оралды.

Нақты өмірлік жағдайларда, өзіндік қызметі мақсатында әлеуметтік тәжірибе алу, сондай-ақ өз ұстанымын және қоршаған әлемді өзгерту мақсатында жыл сайын жазғы тоқсан мерзімінде Зияткерлік мектептердің оқушылары үшін әлеуметтік жобалар мен тәжірибелердің келесі түрлері ұйымдастырылады:

- "2 апта ауылда" (оқушылардың бойына ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерді, рухани құндылықтарды сіңіріп, ауылдың тыныс-тіршілігімен таныстыру);
- "10 күн ата-ана өндірісінде" (оқушылар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты, жауапкершілікті нығайту);
- "Баланы жұмысқа ал" біркүндік тәжірибесі (оқушыларды еңбексүйгіштікке, болашақта дұрыс мамандық таңдауға бағыттау);
- "EXPO-2017-нің жас достары" (ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жоба).

Тәжірибе барысында 7-11 сынып оқушылары жеке онлайн блог жүргізіп, рефлексифті есептер жазды. Онда олар өзінің көңіл күйімен, жаңадан пйда болған дағдыларымен бөлісіп, өзінің жасаған жұмысына баға беріп отырды. Жүргізілген зерттеу және танымдық жұмыстарының суреттері мен бейнероликтерін ұсынды. Мысалы, 11 сынып оқушысы Ғалым Азат тәжірибесін әскери ауруханада өткізсе, 8 сынып оқушысы Анель Жаулбаева «Jeff Tailor» тігін үйінде көмекші жұмысын атқарды. Оқушылар сарайына барған Ерасыл Рахимжанов жазғы мектеп аясында балалармен сабақ оқып, шығармашылық тапсырмалар орындады. Ал Жамиля Бишимова болса тәжірибесін электрондық-оптикалық құрылғылар шығаратын "Қазақстан Асельсан инжиниринг зауытында" өткізді.

"2 апта ауылда" тәжірибесі зерттеу арқылы ұлттық рухани құндылықтарды дарытуға бағытталған. Балалардың зерттеу жұмыстарында келесі мәселелер қаралды: жергілікті атқарушы органдардың жұмысы, білім беру және денсаулық сақтау салалары, әлеуметтік нысандар, ауылдың көркеюі. Жоба барысында оқушылар туған жердің тарихын танып, зерттеп, зерделеп, қадірін біліп қана қоймай, құрметтеуді үйренеді.

"EXPO-2017-нің жас достары" жобасы аясында Астана қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушылары осынау үлкен іс-шараға өз үлесін қосып, дайындық жұмыстарына ат салысуға мүмкіндік туды. Оқушылар алдында келесі тапсырма қойылды: ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы мағлұмат дайындап, оны халық назарына (мектепте, кәсіпорындар мен сауық орталықтарында, тәжірибе өтіп жатқан жұмыс орындарында және т.б.) ұсыну, "жасыл" жобаның мазмұнын, мақстаттары мен міндеттерін тыңдаушылар назарына жеткізу.

Жалпы алғанда, Зияткерлік мектептерде жұмыс істейтін жобалардың бұл түрі, балалардың елге деген құрметін, адалдық пен мақтанышын білдіріп, оқушылар арасында ұлттық-мәдени құндылықтар мен мұраны, ұлттық сана мен қазақстандық патриотизм, халық мүддесіне қызмет ету сезімдерін тәрбиелейді.