Зияткерлік мектебінде "Креативті Хат жазу" курстары ұйымдастырылды

20 маусым мен 1 шілде аралығында Астана қаласындағы Зияткерлік мектебінде Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау және Павлодар қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінен келген 9-11 сынып бітірген 20 оқушысы үшін "Креативті хат жазу" курстары ұйымдастырылды.

Бұл жоба Жазғы мектеп аясында Стэнфорд Университетінің мұғалім-эксперттерінің қатысуымен өтті. Арнайы воркшоп сабақтары балаларға тәжірибе жүзінде түрлі жанр тұрғысынан шығарма жазу дағдыларын дамытуға бағытталды.

Стэнфорд Университетінен келген Крис Дрангл мырзамен бірге оқушылар атақты жазушылардың шығармаларымен терең танысып, олардың жазу стилистикасын, шығармашылық құпияларын анықтап талдауға тырысты. Нәтижесінде жас авторлар қызықты баяндамаларын тарту етті. Сонымен қатар әрбір жазушының алдында кездесетін алғашқы кедергілерді талқылап шықты.

Сабақ барысында оқушылар жазған шығармаларын достарына дауыстап оқып, олардың кеңестерін тыңдады. Әрбір оқушы өз пікірін білдіріп, тіл байлығын дамытуға мүмкіндік алды. Соның негізінде қатысушылардың жазған туындылары күннен күнге толықтырылып сапасы артты.

- Бір сабағымыз әуеңнің шырқауымен өтті. Осы сабақтан ерекше әсер алдық деп санаймын. Крис мырза бізге қалаған ойларынды жазыңыздар деп тапсырма берді. Бір қызығы, музыка бізге еш кедергі болмай, керісінше ойымызды жинақтап, елестету қабілетіміз оянды. Осының негізінде нағыз жүректен шыққан туындылар жаздық, - деп Ақтөбе қаласындағы Зияткерлік мектебінің оқушысы Зумрат Есетова бөлісті.

- Курстың артықшылықтарының бірі - толығымен ағылшын тілінде өтті. Курс барысында біз қысқаша туындыларды, поэмаларды, соннеттерді жазып үйрендік. Мен креативті хат жазу дағдысымен бірге ағылшын тілін дамытып үлгердім. Бұл нәттижелерім келешекте қалаған ЖОО-на түсуде өте тиімді болады деп есептеймін, - деп Көкшетау қаласының оқушысы Аида Тиштенова ой бөлісті.

Эксперт-мұғалім Крис Дрангл өткізген сабақтарында дауыстың, интонацияның маңыздылығына да тоқталып шықты. Әрбір шығарманы оқырмандар назарына ұсыну - елеулі қасиеттердің бірі болып табылатынын айтты:

-Мені Зияткерлік мектеп оқушыларының тіл деңгейі таң қалдырды. Практикалық жұмыс барысында мен олардан шығарманы ағылшын тілінен қазақ тіліне, қазақшадан орыс тіліне, ал орыс тілінен қайта ағылшын тіліне аударуды сұрадым. Берілген тапсырманы оқушылар ешбір кедергісіз орындап шықты. Бұл курстың ерекшелігі - оқушылардың өнерпаздық елестерін дамытып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жаттықтырады. Сабақ барысында біз түрлі жанрда жазылған туындыларды тамашаладық, оның ішінде драма да, комедия да, детектив пен қиял жанрлары және тағы басқа шығармалар кездесті. Оқушылар өз сезімдерін арнайы стильдерді қолданып, шығармалары арқылы оқырманға жеткізе білді. Балалармен жасаған жұмыстан керемет әсер алдым, оқушылар курс барысында үйренген дағдыларын келешекте әрі қарай жетілдіріп қолданатынына кәміл сенемін, - Крис Дрангл, Стэнфорд Университетінің эксперт-мұғалімі.

-Бүгінгі таңда біздің авторлық қоржынымызда он шақты қысқа әңгімелер және толық шығармалардан жиналған туындылар жинағы бар. Креативті хат жазу дағдыларын игеріп, іс жүзінде қолдануды үйреніп шықтық. Әрбір шығарманы "оқырман көңілінен шыға ма? жоқ па?" деген сұрақтарға сүйеніп жаздық десек те болады. Ол оңай емес шаруа екен. Сол үшін біз әрбір туындыны дауыстап оқып, тыңдаушылар сұрақтарына жауап беріп, ескертулеріне назар салдық. Курстың әрбір оқушысы үшін бұл құнды тәжірибе болды деп ойлаймын, - дейді Алмас Бейсенқұл, Ақтөбе қаласының оқушысы.

Жаңа оқу жылында "Креативті хат жазу" курсының қатысушылары өзінің сыныптастары арасында осындай курс сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр. Курс аясында олар мақала, хаттар, эссе, шығармашылық туындыларын жазу барысында балалардың өнерпаздық, сыни, техникалық және басқа да шығармашылық қасиеттерін дамытуда үлес қосады.