Түлектеріміздің 90% Халықаралық Бакалавриат дипломдарын алды

2016-2017 жылғы оқу жылында Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 жылдық сыныбын  90 оқушы сәтті бітіріп шықты. 

Оқушылардың 100% мемлекеттік емтихандарды «жақсы» және «өте жақсы» бағаларға тапсырды, сонымен қатар 90% Халықаралық Бакалавриат дипломдарын алды. Біздің оқушылар мамыр айында тапсырған Халықаралық емтхандарды сыртқы бағалау қорытындысы бойынша орташа балл – 32 және жоғарғы балл – 42.

Мектебіміздің басты мақсаты – бүкіл әлемде бәсекеге қабылетті түлектерді сапалы, жоғарғы кәсіби даярлау.Халықаралық Бакалавриат Дипломдық бағдарламаның қатысушыларының Білімнің пәндік салаларындағы жетістіктерінің деңгейі халықаралық стандарттарға сәйкес екенін толық сеніммен айта аламыз, бұл түлектерге Қазақстанның және шет елдердің жетекші ЖОО түсулеріне мүмкіндік береді.