«Қазақстан Мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығының жеңімпазы анықталды

2020 жылдың 26 қараша күні «Қазақстан мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығының жеңімпазы болып Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі Динара Бейсембаева атанды.
Алматы қаласында өткен Салтанатты марапаттау рәсімінде «Қазақстан мұғалімі 2019» Гул Муаммер жеңімпазға Ұлттық сыйлық пен Әлия Нұрсұлтанқызы тағайындаған 4 миллион теңге көлеміндегі қаржылай жүлдені табыстады. Сонымен қатар, сыйлық иегері Динара Бейсембаеваға Қазақстан Республикасының аумағындағы Жаһандық сыйлықтың Амбассадоры құрметті атағы берілді.

«Білімділер порталы»: https://bilimdiler.kz/janalyq/bilim/46-kazakstan-mugalimi-2020-ulttyk-syjlygynyn-zhenimpazy-anyktaldy.html

«Edunews.kz»: http://edunews.kz/ru/mainnews/2184-azastan-malm-2020-ltty-syylyyny-zhempazy-anytaldy.html