«БІЗДІҢ УАҚЫТ»: Мейіржан Сәдуақас

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «С» сынып оқушысы Мейіржан Сәдуақас AstanaFM радиосының «Біздің уақыт» бағдарламасында қонақта болды.

Сұхбат барысында Мейіржан бағдарлама жүргізушілерінің қойған сұрақтарына кідірмей жауап беріп, өзіндік пікірін ашық білдіріп отырды.

«Қазақ классиктерінің ішінен Асқар Алтай шығармаларын бала кезімнен оқып келемін. Сонымен қатар, проза жанры бойынша Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын қатты ұнатамын. Ал поэза бағытында Мұқағали Мақатаев пен Мұхтар Шахановтың өлеңдерін оқығанды жақсы көремін», - дейді Зияткерлік мектебінің оқушысы. - Қазақ әдебиеті туындыларының ішіндегі ең сүйікті шығармаларым: «Менің атым - Қожа» және «Балалық шаққа саяхат», әлем әдебиетіндегі жаныма жақыны: Иван Тургеневтің «Отцы и дети» және Эмиль Золяның «Тереза Ракені».

Мейіржан болашақта компьютерлік жүйелердің архитектура инженері болғысы келеді. Алдағы уақытта Америка Құрама Штаттарына оқуға түсуді жоспарлап отыр.

«Батылсыз ба?» деген сұраққа «Әрине, өмірде әр түрлі жағдайлар болады, белгілі бір қадам жасауға жүрексінетін кездер аз емес. Алайда, көбінесе тәуекелге бел буғанды жөн көремін, себебі қателік кетсе де, ол тәжірибе болып жинақталады», - дейді Мейіржан.

 «Назарбаев Зияткерлік мектебінде көркем шығармаларды оқу қалай жүргізіледі?», «Мектеп оқушыларының «Қазақ әдебиеті» пәнін таңдағысы келмейтіні рас па?», «Ғаламтордағы қазақ тілінде жарық көретін материалдардың жағдайы туралы не айта аласыз?», «Сүйікті ақын-жазушыларыңыздың ерекшелігі неде?», осы сынды және өзге де сұрақтарға бағдарлама аясында жауап берілді.

Толық сұхбатты тыңдау үшін сілтемеге өтіңіз: https://qazradio.fm/astanafm/kz/news/26789/