Мaмма Mia!

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі драма үйірмесінің мүшелері көрермендер назарына «Ма́мма Mia!» қойылымын ұсынды.

«Ма́мма Mia!» - әлемге әйгілі АВВА тобының әндері негізінде жазылған мөзикл болып табылады. Оқушылар барлық шығармашылық және сахналық шеберлігін іске салды! Тамаша ән, хореография және сахналық безеңдірілуіне дейін барлығы ерекше сезімдер тудырып, көрермендер көңілінен шықты.

Қойылым соңында мюзиклды тамашалауға келген қауым жас актерларды қол соғып қошемет көрсетті. Ал олармен жұмыс жасаған жетекшілеріне алғыс білдіріп, балалардың жоғары деңгейдегі дайындығын атап өтті.