NISA TulekWeek - 2017

Сәуір айының 10-жұлдызында Астана қаласындағы Зияткерлік мектепте "Tulek Week" апталығы бастама алды.

Апта барысында келешек түлектер мектеп қауымдастығына арнап қызықты есте қаларлық іс-шаралар ұйымдастырып, алғысын білдіреді. Кең ауқымды бағдарламада - мұғалімдер мен түлектер арасында спорттық ойындар, оқушылармен  Зияткерлік мектепте оқу барысында игерген тиімді әрі пайдалы кеңестерімен бөлісу мақсатында өтетін кездесулер, #photowithtulek - тілек айту, түлекпен суретке түсу шарасы және тағы басқалар өткізіледі. 

Апталық соңында келешек түлектер мерекелік кешке шақырады! Кеш барсында оқу үрдісінің, жалпы мектеп өмірінің жарқын сәттерін еске алған оқушылар, соңғы рет өнерін көрсетіп, ризашылығын білдірмек.

Барлықтарыңызды концертке келіп, балалар өнерін тамашалап, қолдау көрсетуге шақырамыз!