VII Наурыз кездесулерінің нәтижелері

19-20 наурызда Шымкент қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында дәстүрлі Наурыз кездесулері ұйымдастырылды.

Ғылыми жобалар байқауында Республикадан жиналған жас ғалымдар арасында бақ сынаған Астана қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушылары Махамбет Айтпай және Казыбек Токтаров VII Наурыз кездесулерінде ІІІ дәрежелі дипломынын жүлдегерлері атанды.

Оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерді шын жүректен құттықтаймыз!