"Екі жұлдыз" ән байқауының қорытындылары

Астана қаласындағы Зияткерлік мектебінде "Екі жұлдыз" ән байқауының қорытынды кезеңі өтті.

"Қазақ әндер" жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада іріктеуден сәтті өткен жеті жұбымыз еліміздің халық әндерін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Байқаудың күміс көмей дауысты жұбын анықтауда беделді әділ қазылар алқасы көмекке келді. Олардың қатарында - мектеп директорының даму жөнінде орынбасары Құралай Ахмадиева, хореографы - Нұргүл Тлеубаева және арнайы шақырылған "Қазақстан Дауысы" жобасының финалисті - Айсулу Бозанова мен Х-фактор жобасының финалисті Владимир Лигай болды.

Дауыстар додасында халық әндерін поппури жанрында ұсынған ағылшын тілі мен драма пәндерінің мұғалімі Асем Курбенова мен 12-сынып оқушысы Илимбаева Камила үздік атанып, І орынға ие болды. Екінші орын иегерлері болып Нұрғиса атамыздың "Құстар" әнін шырқап, ыстық лебіздерге ие болған қоғамдық ғылымдар пәндерінің мұғалімі Гүләйм Смаилова мен 12-сынып оқушысы Ерасыл Жамкен атанды. Үшінші орынға "Әдемі қыз" халық әніне ерекше қойылым қойып көрерменді таңқалдырған сыртқы байланыстар бойынша менеджер Индира Ақшолакова мен 8-сынып оқушысы Нұрсұлу Мурзагулова ие болды.

Барлық жүлдегерлер мен қатысушыларды құттықтап, алда шығармашылық табыстар тілейміз! Өз бетінше, біз мектебімізде дарынды оқушылар мен мұғалімдердің бар болуына қайта көз жеткізіп, қуанып отырмыз!