“АЛЖИР” мұражайына экскурсия

Гуманитарлық ғылымдар айлығы аясында 10 сынып оқушылары Қазақстан тарихы пәнінен "АЛЖИР" мұражайына экскурсияға барды.

Осы экскурсия оқушылардың жүрегінде мәңгілікке есте қалды. Бұл лагер сталиндік кезеңде халық жаулары әйелдеріне 1937 жылы арнайы бұйрықпен құрылған еді. 1938 жылдың 6 қаңтарында әйелдердің алғашқы тобы лагерге қоныс аударылды.

Экскурсияның мақсаты, сол кездегі оқиғаны толық түсіну әрі сол тарихи уақытты сезіну болып табылады. Оқушылардың мұражайдан алған әсерлері ұшан теңіз, АЛЖИР лагерінде орын алған оқиғаларды көзімен көріп, сезіне алды.

Белі қатаймаған жас балалардың анасының кұшағынан күштеп алып, жетімдер үйіне жібергенін, қаншама қиындықтарға қарамастан, күйеулерінің ақталып келеді деген сенімдерін жоғалтпаған әйелдердің қайтпас қайсарлығын танып, көңілдеріне ой түйіп қайтты. Оқушылардың айтуы бойынша, "АЛЖИР" сапарынан келген соң, «аналарын қатты құшақтап, бетінен сүйіп, ана құдіретін түсінді».

 

No images found.