TEDx конференциясы (100 нақты қадам)

29 қараша күні Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің акті залында Гуманитарлық ғылымдар акциясы аясында TEDx форматындағы конференция өтті.

TEDx конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды.

Мектеп оқушылары Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды" іске асырылуына қатысты денсаулық сақтау саласы, зияткерлік меншікті коммерциялау, межеленген коррупциямен күрес, Қазақстан ауыл шаруашылығыныңәлеуеті, балама энергия түрі – жел энергетикасын Қазақстанда дамыту потенциалы, Қазақстанда этносаралық татулықты сақтау және дамыту перспективасы тақырыптары бойынша өз идеяларымен бөлісті.

#НЗМ_Тәуелсіздікке_25жыл #НИШ_празднует_Независимость#NIS25KZ

 

No images found.