Жүректен жүрекке

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қауымдастығы #ЖҮРЕКТЕНЖҮРЕККЕ қайырымдылық флешмобына белсенді қатысуда.

Науқан аясында мектеп оқушылары, қызметкерлері және ата-аналар бірігіп қайырымдылық жәрмеңкелер ұйымдастырды. Іс-шаралар барысында сатып алушы халыққа қолдан жасалған әшекей бұйымдар, қыштан жасалған заттар, балалар салған көркем суреттер, сонымен қатар түрлі пісірілген дәмділер ұсынылды. 

Флешмоб аясында оқушылар жыл сайын 53 елшілік қатысуымен өтетін Жаңа жылдық жәрмеңкесіне де қатысты. Ол жерде өз жұмыстарын ұсынып, жиналған қауым алдында концерттік бағдарламасын тарту етті.   

Жәрмеңкелер халықаралық «Экспо-2017» көрмесіне қатысу үшін ауылдық жерлеріндегі аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға жолдама алу мақсатында ұйымдастырылып отырғанын атап өткен жөн. Балалар айтулы көрмеге қатысып, Астана қаласындағы Зияткерлік мектептерде бескүндік жазғы демалысын өткізеді. 

Жолдамалар 10-желтоқсан күні 4000-нан астам жалпы білім беру мектеп оқушылары қатысуымен өтетін Зияткерлік мектептердегі бірыңғай Ашық Есіктер күнінде тарту етіледі. Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәіелсіздігінің 25 жыл толуына орай ұйымдастырылыған жоспары аясында жүзеге асырылмақ.

 

No images found.