"AIR NISA" вокал студиясының концерті

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ән мен музыкалық аспатар үйірмесінің есептік концерті ұйымдастырылды.

Концер барысында көрермендер музыканың арқасында жер шарын бір айналып өтті. Әндер айтып, залда болған барлық жандар әлемнің танымал мемлекеттеріне сапар шекті. Оның ішінде - Қазақстан, Италия, Франция, Ұлыбритания, Туркия, АҚШ, Корея, Ресей, Украина, Куба және т.б.

Концерт аясында оқушылар тек ән айту шеберлігін тарту етумен шектелмей, би билеу мен актерлық шеберлігін көрсетіп үлгерді. Жалпы музыкалық іс-шара CAS жобасы аясында ұйымдастырылды, ал жиналған қаражаттар қайырымдылыққа жұмсалады.

 

No images found.