Астана қаласындағы Зияткерлік мектеп тәжірибесі Халықаралық конференцияда таныстырылды

2016 жылдың 6-8 қазан аралығында Барселона қаласының Халықаралық Конгресс-орталығында Африка, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріндегі Халықаралық Бакалавриат Ұйымы өткізген 2016 AEM Regional Conference өтті.

Айтулы іс-шараға әлемніің 70-тен астам мемлекетінен келген 1000 астам мамандары мен мұғалімдері қатысты.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған халықаралық конференцияда Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесімен негізгі мектеп координаторы Райна Жапарова таныстырды. Райна Сапиханқызы "Қоғамдық жобалар шығармашылық, әлеуметтік және эмоционалдық оқыту құралы ретінде" тақырыбында сөз сөйлеп, мектепте жүргізілген зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Баяндамасы аясында келесі мәселелер талқыланды: оқушылардың әлеуметтік дағдыларын даму, оқыту барысында кездесетін артықшылықтар мен кемшіліктер.

Африка, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің дәстүрлі конференциясы жыл сайын білім беру мекемелері басшыларын, мектепте, университеттерде, үкіметте жұмыс жасайтын практик-мамандарды біріктіріп, халықаралық оқу жүйесінің өзекті мәселелері қарастырылады. Сессиялар барысында үздік әдістер мен тәсілдер талқыланып, талданады.

Астана қаласындағы Зияткерлік мектептің өкілдері болып конференцияға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Райхан Борлықбаева, негізгі мектеп координаторы Райна Жапарова және химия пәнінің мұғалімі Динара Бейсембаева қатысты. Олар әлемнің үздік мұғалімдері және мамандарымен тәжірибе алмасып, білім берудегі жаңа мүмкіншіліктер мен өзгерістер жайлы хабардар болды. Елге оралып, заман талабына сай дағдылар мен кәсіби біліктілікті арттырып, жетілдіру мақсатында әріптестерімен тәжірибе алмасатып, бөлісетінінде күмәніміз жоқ.