NIS IB бос орындарға конкурс жариялайды

«Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың бос орындарына конкурс жариялайды:

- Қазақстан тарихы мұғалімі (оқыту тілі - қазақша),
- әлеуметтік ғылымдар мұғалімі (IELTS 6.5 және одан жоғары),
- дене шынықтыру мұғалімі (оқыту тілі –қазақ тілі, ағылшын тілі),
- ағылшын тілі мұғалімі,
- орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі,
- математика пәні мұғалімі,
- математика мұғалімінің ассистенті,
- «Химия» пәні бойынша лаборант,
- «Биология» пәні бойынша лаборант.
 
Озық отандық және әлемдік тәжірибені біріктірген білім ордасы Халықаралық Бакалавриат (ІВ) бағдарламасы бойынша оқытуды жүзеге асырады. Нұр-Сұлтан қ. NIS Зияткерлік мектептер желісінде бірінші болып Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) аккредитациясын алды.
 
NIS IB мектебінде қызмет атқара отырып, Сіз білім берудің үлкен мүмкіндіктері, болашағы мен әлемдік деңгейдегі сапасына қол жеткізе аласыз. Заманауи жабдықталған зертханалар мен кабинеттерде үш тілде сапалы білім беру үрдісін қамтамасыз ету, оқыту семинарларына қатысу арқылы біліктілігіңізді арттыру және кәсіби өсу мүмкіндігіңіз бар.
 
Сіздерді Қазақстандық және шетелдік мамандар мен ІВ сарапшылары қызмет атқаратын, бәсекеге қабілетті жалақы мен тартымды әлеуметтік пакет кепілдендірілген қолайлы оқыту ортасында жұмыс істеуге шақырамыз.
 
Конкурсқа қатысу үшін үміткер:
- Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның ресми сайтына өтіңіз (www.nis.edu.kz);
- Сайттың бастапқы бетіндегі «Бос орындар» бөліміне өтуі;
- «Зияткерлік мектептер» бөлімін таңдауы;
- «Педагогикалық қызметкерлер» бөлімін таңдауы;
- «Тіркелу»-ді басуы және конкурс өтетін орынды/мектепті таңдауы;
- «Конкурсқа қатысу»-ды басуы және қажет етілген ақпаратты енгізуі;
- Электрондық түйіндемені тіркеуі «+файл»;
- «Түйіндемені жіберу»-ді басуы қажет.
 
Назар аударыңыз: қажет етілген ақпаратты толық түрде енгізу міндетті болып саналады.
 
Конкурстық іріктеудің (тестілеудің) бірінші кезеңі 2021 жылы 10 маусымда өтеді.
Тіркелу уақыты: 9.00
Басталу уақыты: 10.00 Нұр-Сұлтан қ. уақытымен
Ұзақтығы: 2 сағат 10 минут.
Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қ., Хусейн бен Талал 19.
 
Назар аударыңыз: өзіңізбен жеке куәлік, қаламсап, медициналық маска алып келуіңізді сұраймыз.