Құрметті педагогикалық қызметкерлер, ЖОО бітіруші курстарының студенттері, магистранттары және докторанттары!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 21 филиалдарында және Түркістан қаласында ашылатын Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың бос орындарына конкурс өткізуін жариялайды.

Сіздерді педагогикалық қызметкерлердің: мұғалім, психолог, педагог-куратор мен тәрбиешінің конкурстық іріктеуіне қатысуға шақырамыз.
 
Зияткерлік мектепте қызмет атқара отырып, Назарбаев университетінде магистратура бағдарламасымен оқу, «Болашақ» бағдарламасымен оқу, біліктілік деңгейіңізді көтеруге және кәсіби өсу мүмкіндігіңіз бар.
 
Бәсекеге қабілетті жалақы мен тартымды әлеуметтік пакет кепілдендірілген.
 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы – орта білім беру жүйесіндегі жаңа форматтағы табысты ұйым.
Қазақстанның 18 қаласында Халықаралық мектептер кеңесінде (CIS) аккредитациясынан өткен 21 зияткерлік мектеп жұмыс істейді.
 
Сіздерді дарынды және талантты балаларды оқытатын қазақстандық және шетелдік мұғалімдердің бірегей қоғамдастығында жұмыс істеуге шақырамыз!
 
Конкурсқа қатысу үшін үміткер:
- Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның ресми сайтына өтіңіз (www.nis.edu.kz);
- Сайттың бастапқы бетіндегі «Бос орындар» бөліміне өтуі;
- «Зияткерлік мектептер» бөлімін таңдауы;
- «Педагогикалық қызметкерлер» бөлімін таңдауы;
- «Тіркелу»-ді басуы және конкурс өтетін орынды/мектепті таңдауы;
- «Конкурсқа қатысу»-ды басуы және қажет етілген ақпаратты енгізуі;
- Электрондық түйіндемені тіркеуі «+файл»;
- «Түйіндемені жіберу»-ді басуы қажет.
 
Назарларыңызға: қажет етілген ақпаратты толық түрде енгізу міндетті болып саналады.
 
Конкурстық іріктеудің (тестілеудің) бірінші кезеңі 2021 жылы 10 маусымда өтеді.
Тіркелу уақыты: 9.00
Басталу уақыты: 10.00 Нұр-Сұлтан қ. уақытымен
Ұзақтығы: 2 сағат 10 минут.
Өткізу орны: 18 қаладағы Зияткерлік мектептер және Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 29, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (блок 2).
 
Назар аударыңыз: өзіңізбен жеке куәлік, қаламсап, медициналық маска алып келуіңізді сұраймыз.